ФИЛОСОФИЯ. ҚОҒАМ. МӘДЕНИЕТ

Қазақстанның мәдени ландшафттарын семиотика тұрғысынан қарастыру

Том 90 № 4 (2021), ФИЛОСОФИЯ. ҚОҒАМ. МӘДЕНИЕТ
Том 90 № 4 (2021)
2021-11-12 Көрілім саны: 303
Роза Хасенова
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті e-mail: roza.tolengut.kz@mail.ru
Манифа Саркулова
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті

Кілтті сөздер

қазақ, мәдениет,ландшафт, белгі, семиотика, интерпретация, Умберто Эко

Аңдатпа

Ұсынылып отырған мақалада «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Қазақстандық ұлттық бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Туған жер» жобасы тілге тиек етіліп, жобаны іске асыру барысында итальян философы, семиотигі, Орта ғасыр мәдениетінің зерттеушісі Умберто Эконың еңбектеріне жүгіну мәселесі ұсынылады, себебі ол өз еңбектерінде тіл, мән, мағына, белгілер, реконструкция және жады мәселелерін көп қарастырады. Умберто Эко мәдениет философиясында тілдер мен белгілерді зерттеу және сол арқылы әлемді түсіну, адам мен әлем арасында тұрақты келісімге деген сенімнің болуы, оны өзіміз қолданып жүрген тіл мен белгілерді қалай пайдаланып, қалай түсіндіріп жүргенімізге байланысты деген болжам айтады. Зерттеушілер У.Эконың еңбектерінде көп мән берілетін ашықтық поэтикасы бүгінгі күнгі ізденістерде өте өзекті және қажет тәсіл деген пікір білдіреді. Жүргізілген зерттеу мәдени ландшафтты зерттеу барысындағы У.Эконың семиотикалық концепциясының зор тиімділігін көрсетіп, семиотиканы құнды ақпарат көзі ретінде қарастыру ұлттың мәдени мұрасына өз үлесін қосатынын дәлелдейді.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Хасенова R., & Саркулова M. (2021). Қазақстанның мәдени ландшафттарын семиотика тұрғысынан қарастыру. Адам әлемі, 90(4), 11–20. https://doi.org/10.48010/2021.4/1999-5849.02