ҚАЗІРГІ ЗАМАННЫҢ САЯСИ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік реабилитациялау әдістері

Том 89 № 3 (2021), ҚАЗІРГІ ЗАМАННЫҢ САЯСИ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Том 89 № 3 (2021)
2021-09-26 Көрілім саны: 349
Гулмира Абдраймова
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Шолпан Төленді
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет e-mail: kanatovna.sholpan@gmail.com
Эдвард Ко-линг Чан
Гонконг политехникалық университеті

Ключові слова

бала, жыныстық зорлық, зақымдану, оңалту, клиникалық бейне, медициналық емдеу, әлеуметтік оңалту, психологиялық зардап, терапия.

Анотація

Бұл мақала жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалармен әлеуметтік-психологиялық және әлеуметтік жұмыстың әртүрлі формаларын талдауға арналған. Зерттеу мақала докторлық диссертацияның бір бөлігі ретінде докторантпен және оның ішкі және сыртқы ғылыми кеңесшілерімен ынтымақтастықта жасалды. Мақалада әлеуметтану мен әлеуметтік жұмыста заманауи-аралас әдіс түрлері қолданылды. Талдау
нәтижелері бойынша, балаларға жыныстық зорлық-зомбылық ең күрделі мәселелердің бірі болып табылады, оның құрамына физикалық және моральдық компоненттерді қоса алғанда, әр түрлі орынсыз мінез-құлық жатады. Зерттеулер көрсеткендей, жыныстық зорлық-зомбылық көрген балалар физикалық, эмоционалдық және психологиялық зардаптарға ұшырауы мүмкін, олардың көпшілігі өмір бойы сақталады. Мақалада жыныстық зорлық-зомбылық көрген балалардың ауыр жарақаттарын емдеу бойынша әлеуметтік-психологиялық және медициналық жұмыстың нақты бағыттары сипатталған; балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылықтың медициналық-психологиялық зардаптарын жіктеу жүргізіліп, психо-травматикалық әсерлер арасындағы байланыс анықталды. Балалардағы клиникалық және психопатологиялық көріністерді зерттеудегі оңалтудың кешенді әдістері егжей-тегжейлі
қарастырылады.

Як цитувати

Абдраймова, Г., Төленді, Ш., & Ко-линг Чан, Э. (2021). Жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік реабилитациялау әдістері. Адам әлемі, 89(3), 111–121. https://doi.org/10.48010/2021.3/1999-5849.10