ДІНТАНУЛЫҚ ЖӘНЕ ИСЛАМТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

МИҒРАЖ МҰҒЖИЗАСЫ: ТҮРКІ ҚОЛЖАЗБА МҰРАСЫ НЕГІЗІНДЕ РУХАНИ АНТРОПОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ ҒЫЛЫМИ ПАРАДИГМАЛАР ТОҒЫСЫНДАҒЫ ТАЛДАУ

Том 28 № 1(107) (2026), ДІНТАНУЛЫҚ ЖӘНЕ ИСЛАМТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
Том 28 № 1(107) (2026)
2026-03-31 Көрілім саны: 14
Құрманбек Қасымхан
ҚР ҒБЖМ Ғылым комитеті «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы
Еңлік Қасабекова
ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты e-mail: enlik78@rambler.ru
Нұрлан Кенжеахмет
AbaiLabs «Шығыс қолжазбалар мұрасы» халықаралық деректану орталығы, Біріккен Алаш қоры Ғылыми-зерттеу орталығы

Кілтті сөздер

Миғраж, рухани антропология, ислам космологиясы, трансценденция, ғылым философиясы, сана мәселесі, түркі қолжазбалары, кодикология

Аңдатпа

Құран – мұсылман өркениетінің дүниетанымдық өзегін айқындайтын және табиғат заңдылықтарын тануға бағдар беретін бірегей иләһи мәтін. Құран аяттарында уақыт, кеңістік, қозғалыс және болмыс категорияларына қатысты көптеген мағыналық ишаралар қамтылған. Осы мақалада Миғраж мұғжизасы түркі қолжазбалық дәстүр материалдары негізінде рухани антропология мен заманауи ғылыми ойлау жүйесінің тоғысқан кеңістігінде талданады. Зерттеудің басты нысаны – Миғраж оқиғасының адам санасының трансценденттік әлеуетін ашудағы рөлі, уақыт пен кеңістік ұғымдарының салыстырмалы сипаты және діни танымның эпистемологиялық шектеулері. Зерттеу жұмысы сапалық әдіснамаға сүйеніп, кітапханалық дереккөздер арқылы классикалық тәпсірлер, сопылық мәтіндер, түркі тіліндегі қолжазба нұсқалар және қазіргі физика саласындағы теориялық тұжырымдар жүйелі салыстырмалы талдаудан өткізіледі. Миғраж сапары аясында кеңістік пен уақыттың абсолютті емес екендігі, қозғалыс феноменінің онтологиялық мағынасы және рухани тәжірибенің танымдық деңгейлері айқындалады. Сонымен қатар бұл мұғжизаны таза эмпирикалық немесе физикалық заңдылықтар шеңберінде толық түсіндіру мүмкін еместігі, ғылыми модельдердің оның болмыстық табиғатын тек шектеулі қырынан ғана сипаттай алатыны негізделеді. Мақалада пайғамбарлармен жүздесу мотиві адам рухының кемелдену баспалдақтарын бейнелейтін символдық құрылым ретінде қарастырылып, Сидратул-Мунтаһадан асу ақыл мүмкіндіктерінің шекарасын айқындайтын метафизикалық кеңістік үлгісі ретінде түсіндіріледі. Түркі қолжазбаларындағы Миғраж баяндарының тәрбиелік, танымдық және өркениеттік қызметі талданып, намаздың тұлғаның рухани қалыптасуы мен антропологиялық тұтастығын орнықтыратын іргелі институт ретіндегі мәні айқындалады.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Қасымхан, Қ., Қасабекова, Е., & Кенжеахмет, Н. (2026). МИҒРАЖ МҰҒЖИЗАСЫ: ТҮРКІ ҚОЛЖАЗБА МҰРАСЫ НЕГІЗІНДЕ РУХАНИ АНТРОПОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ ҒЫЛЫМИ ПАРАДИГМАЛАР ТОҒЫСЫНДАҒЫ ТАЛДАУ. Адам әлемі, 28(1(107), 161–177. https://doi.org/10.48010/aa.v28i1(107).905