DOI:
Ключові слова
рухани жаңғыру, қоғамдық сана, әлеуметтік (қоғамдық) сана, қоғамның хабардар болуы, әлеуметтік ғылымдар, өнер және гуманитарлық ғылымдар.
Қазіргі таңдағы жаһандық құбылыстар мен жаңа технологиялық тәртіп шарттарында қоғамның қоғамдық санасын қалыптастыру мен дамыту мәселесі өзекті болып табылады. Адами ресурстар мемлекеттің ерекше әлеуеті болғандықтан қоғамның қоғамдық санасын дамыту маңызды саналады. Ұлттық дамудың барлық қырларының өркендеуі жолындағы ұлттың сапасы мен әдебін қалыптастыру барысында халыққа ізгілік пен адамгершілік нормаларын сіңдіру қажет. Осылайша негізгі әлеуметтік институттар арқылы тиімді әлеуметтендірудің негізі қаланады. Бұл үшін қоғамдық сананың дамуы өте маңызды және осы даму жолына әр адам қатысуы тиіс. Сонымен бірге, халықтың, қоғамның дамуы мен шешімдер қабылдауға қатысуы олардың мемлекетпен ынтымақтастығы сезімін береді. Мұндай ахуал мемлекеттің тұрақты дамуына түрткі болатындығы анық. Берілген мақалада қоғамдық сана және оның синонимдеріне әдеби шолу жасалады. Синонимдер ретінде «social consciousness», «public awareness», «public conscience» және «social conscience» түсініктері алынып, әр ұғымға талдау жасалды. Түсініктер бойынша ең алғаш жарияланған және соңғы жылдары жарық көрген тұжырымдарға мән берілді.