ФИЛОСОФИЯ. ҚОҒАМ. МӘДЕНИЕТ

БҮГІНГІ ЗАМАН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ СИПАТЫ

Том 90 № 4 (2021), ФИЛОСОФИЯ. ҚОҒАМ. МӘДЕНИЕТ
Том 90 № 4 (2021)
2021-11-12 Көрілім саны: 362
Дүкен Мәсімхан
Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты
Айнур Әбиденқызы
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті e-mail: ainurbai-67@mail.ru

Кілтті сөздер

мәдениет, таным, қоғам, дәстүр, мәдени құндылық, рухани мәдениет, материалдық мәдениет

Аңдатпа

Мәдениет - адамзат өзінің өсіп-өнуі, дамуы үшін жасаған ортақ өндірісі және тіршілік күресі барысында жаратқан, жасампаздық сипаты мен өзіндік мән-мазмұны бар әлеуметтік құбылыс. Бір түрлі әлеуметтік құбылыс ретіндегі мәдениет белгілі бір ұлт мүшелерінің ортақ тірлігі, ортақ күресі барысында жасалып, дамып, байып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан құндылықтар жүйесі. Мақалада осы аталмыш құндылықтар қазақ халқының мәдениетінде қалай көрініс бергендігі жайлы және бүгінгі таңдағы ерекше сипатына тоқталамыз. Біз ең әуелі ұлттық-рухани мәдениетіміздің сыр-сипатын дұрыс саралап, айқын танып алуды бірінші кезекке қоюға тиіспіз. Қазақ қоғамы үздіксіз даму үстінде болды, қазіргі таңда да кемелденіп дамуды қажет етеді. Әрбір кезеңдегі даму саяси-әлеуметтік жағдайлармен байланысты мәдениетке де өзіндік әсерін тигізді. Бұл мақалада қазақ мәдениетінің ерекшелігінің қалыптасу барысы мен себептері қарастырылады. Сонымен қоса, қазақ мәдениетінде бой көрсеткен мәдени артықшылықтары мен кейбір мешеу тұстары да ашып көрсетіледі. Қазақ мәдениетінің кешегісі мен бүгіні таразыға түсіп, мәдениеттің озығы мен тозығы жайлы сөз қозғалады. Қосалқы мәдениет ретінде қалып қойған мәдени құндылықтар мен дәстүрлерді де қарастырып, бір дәуірдің қойнауында қалып қойғандығының себебін ашып көрсетеді. Қазақ мәдениетінің идеялық мазмұны мен көзқарасының қалыптасуы да басты назарға алынды. Жас ұрпақты патриотизмге жетелейтін ұлттық сана мен ұлттық құндылықтар жиынтығы жүйеленіп, басты артықшылықтары ұсынылды. Қазақ мәдениетін қолдау мен дамытудағы талдаулар мәдени дүниетаным мен қазақ мәдениетінің танымдық көкжиегін кеңейтуге жасалған маңызды қадам.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Мәсімхан, Д., & Әбиденқызы, А. (2021). БҮГІНГІ ЗАМАН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ СИПАТЫ. Адам әлемі, 90(4), 31–42. https://doi.org/10.48010/2021.4/1999-5849.04