DOI:
Ключові слова
философия
мифология
фольклор
эпос
батырлық эпос
дүниетаным
дүниетүсінік
дүниеге қатынас
құндылық
Мақалада қазақ руханилығының түп тамыры болып табылатын эпос әлемінің негізгі элементтері анықталады және олардың қазіргі қазақ мәдениетіндегі көріністері ашылып көрсетіледі. Қозғалып отырған тақырыптың онтологиялық жағы – қазақ фольклорының идеялық негізін құрайтын еркіндік, адалдық, әділдік, уәдеге беріктік, намысшылдық, арлылық қатарлы рухани-мәдени философиялық құндылықтар екендігін ашып көрсету болып табылады. Зерттеудің мақсаты қазақ эпосының қазақстандық қоғамның қазіргі жаңғыру кезеңіндегі ұлттық код пен ментальдылыққа негізделген арқауын философиялық тұрғыдан талдау болып табылады. Мақалада қазақтың эпикалық жырларының қазіргі қазақтардың құндылықтар ділінің архетиптері екендігі дәйектеледі. Қазақ халқының философиялық-поэтикалық шығармашылығын болашақ ұрпақтар бойына сіңдірілетін ментальды қасиеттер ретінде жаңғырту көзделеді.