Автор мақаласын журналда жылына бір рет жариялай алады.
«Адам әлемі» журналында жарияланған мақалалардың авторлары өздерінің ғылыми жұмыстарының (мақалаларының) меншікті иесі саналады және журналға тек қана алғашқы жарияланым құқығын береді.
Ғылыми материалды (мақаланы) басқа ақпараттық дереккөздерге таратқан кезде авторлар оның «Адам әлемі» журналындағы алғашқы (түпнұсқа) жарияланымына сілтеме жасауға тиіс.
Авторлар жариялауға арналған ақпараттық, ғылыми материалдар, түпнұсқалығы мен авторлығы, дереккөздердің сенімділігі үшін толық жауап береді.
Авторлар мақаланы жариялауға берген кезде оны журналдың талаптарына сәйкес рәсімдеуі тиіс.
Мақала электронды форматта (doc, docx, rtf) Open Journal System, онлайн-жөнелтуді қолдана отырып, журналдың веб-сайтымен жүктеу арқылы беріледі. Ол үшін веб-сайтта тіркелу қажет.
Мақалаларды тіркеу және жіберу
Әл-Фараби» әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулер журналы ресми веб-сайтта Open Journal System жүйесін қолдану арқылы тіркелу (авторизация) және материалдарды онлайн қабылдау арқылы журналдың қағаз және электронды нұсқасын жариялауды жүзеге асырады. Ол үшін сайтқа тіркеліп, мақалаларды жіберу, рәсімдеу ережесімен, жарияланым мен журналдың редакциялық саясаты, этикалық қағидасымен танысуы шарт.
Редакция алқасы бұрындары жарияланбаған және журналдың тақырыптық бағытына сай айырықша авторлық мақалаларды қабылдайды. Мақала электронды форматты ұсынылып, журналдың веб-сайтына жүктелуі қажет.
Автор ілеспе хатта – аты-жөні, мемлекет, қала, жұмыс орны, қызметі, ғылыми дәрежесі, атағы, e-mail, ORCID, байланыс телефоны көрсетілуі шарт.
Ілеспе хатта міндетті түрде ұсынылған мақаланың бұрындары ешқайда жарияланбағандығы айырықша жұмыс, плагиат жоқ екендігі көрсетілуі керек, сонымен қатар, мақала авторлар ұжымымен ұсынылса, корреспондент автор кім екендігі белгіленеді.