Авторлар туралы деректер ақпараттық сипатта болады (тегі, аты, әкесінің аты, жұмыс орны, лауазымы, академиялық атағы, ғылыми дәрежесі және т.б.) олар «авторлар туралы мәліметтер» айдарында орналастырылады.
Редакциялық алқаның мүшелері үшінші тұлғаларға (осы қолжазбаның рецензенттерінен басқа) қолжазбаға (мақалаға) қабылданған ақпарат жарияланғанға дейін хабарламайды және тағайындалған рецензенттер туралы ақпаратты ашпайды. Бұл тәртіп нормалары ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының ғылыми журналдарына арналған жариялау этикасымен анықталған.
Мүдделер қақтығысы этикалық жариялау нормаларын сақтаудың маңызды қағидаты болып есептеледі. Басылымға қатысушылар (редколлегия мүшелері, рецензенттер, авторлар) мүдделер қақтығысы туралы ақпарат ұсынуы тиіс.