DOI:
10.48010/y7287q66Кілт сөздер
этнография, философиялық мәселелер, философиялық интерпретация, этникалық дүниетаным, дәстүрлі мәдениет, ұлттық болмыс, қазақ қоғамы
Мақала этнографияның философиялық мәселелерін Халел Арғынбаевтың ғылыми мұрасы негізінде кешенді түрде талдауға арналған. Қазіргі гуманитарлық ғылымдар кеңістігінде этнография тек этностың тұрмыс-тіршілігін сипаттайтын эмпирикалық білім саласы ретінде ғана емес, халықтың дүниетанымдық бағдарларын, әлеуметтік құндылықтарын және мәдени болмысын пайымдауға мүмкіндік беретін философиялық таным саласы ретінде қарастырылады. Осы тұрғыдан алғанда, этнография философиясы этникалық қауымдастықтың тарихи тәжірибесін, рухани-мәдени кодын және болмыстық ерекшеліктерін түсіндіруде маңызды ғылыми-теориялық мәнге ие.
Мақаланың негізгі мақсаты - Халел Арғынбаев шығармашылығын этнография философиясы тұрғысынан талдау арқылы қазақ этносының дүниетанымдық, әлеуметтік және мәдени болмысының философиялық негіздерін айқындау. Зерттеу барысында ғалымның қазақ шежіресіне, отбасы мен неке институтына, дәстүрлі мал шаруашылығына және материалдық мәдениетке арналған еңбектері философиялық интерпретация нысаны ретінде қарастырылды. Бұл бағытта этнографиялық деректер тарихи-функционалдық сипаттамамен шектелмей, онтологиялық, аксиологиялық және гносеологиялық қырлар тұрғысынан талданды.
Зерттеудің әдіснамалық негізін пәнаралық ұстаным құрайды. Философиялық рефлексия, тарихи-генетикалық, құрылымдық-талдамалық, герменевтикалық және салыстырмалы әдістер кешенді түрде қолданылды. Мұндай тәсіл этнографиялық материалдардың жасырын мағыналық қабаттарын ашуға және оларды философиялық дискурс аясында пайымдауға мүмкіндік берді.
Зерттеу нәтижелері Халел Арғынбаев еңбектерінде қазақ қоғамының негізгі әлеуметтік институттары өзара байланысқан тұтас дүниетанымдық жүйе ретінде көрініс табатынын дәлелдейді. Ғалымның ғылыми мұрасы этнография философиясының қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосып, ұлттық болмысты философиялық тұрғыдан түсіндіруге мүмкіндік беретін іргелі теориялық негіз болып табылады. Мақала қорытындылары этнография философиясын әрі қарай дамытуға және Халел Арғынбаев шығармашылығын заманауи гуманитарлық ғылымдар контексінде тереңдетіп зерттеуге бағытталған.
1 Arghynbaev, Kh. (1973). Qazaq khalqyndaghy semiya men neke [Family and marriage among the Kazakhs]. Almaty. (In Kazakh)
2 Arghynbaev, Kh. (1987). Qazaq khalqynyn qolonerі [Kazakh traditional handicrafts]. Oner. (In Kazakh)
3 Arghynbaev, Kh. (1969). Qazaqtyn mal sharuashylygy zhaiyndaghy etnografiyalyq ocherk [An ethnographic essay on Kazakh livestock husbandry]. Almaty. (In Kazakh)
4 Khammersli, M., & Atkinson, P. (2020). Etnografiya zertteu printsipteri [Ethnographic research principles] (A. B. Isemberdieva, Ed.; 4th ed.). Ulttyq audarma byurosy. (In Kazakh)
5 Arghynbaev, Kh., Mukanov, M., & Vostrov, V. (2000). Qazaq shezhiresi haqynda [On the Kazakh genealogy] (A. Pirmanov, Comp.). Atamura. (In Kazakh)
6 Arghynbaev, Kh. A. (2005). Qazaqtyn otbasylyq dasturleri [Kazakh family traditions]. Qainar. (In Kazakh)
7 Alimbai, N., Mukanova, M. S., & Arghynbaev, Kh. (1998). Traditsionnaya kul’tura zhizneobespecheniya kazakhov: Ocherki istorii i teorii [Traditional culture of life support among the Kazakhs: Essays on history and theory]. Gylym. (In Russian)
8 Alieva, G. M. (2024). Issledovaniya Khalela Arghynbaeva o vliyanii Stolypinskoy agrarnoy reformy na khozyaystvennyy uklad i material’nuyu kul’turu kazakhskogo naroda [Khalel Arghynbaev’s studies of the influence of the Stolypin agrarian reform on the economic structure and material culture of the Kazakh people]. Museum.kz, (4), 47–53. (In Russian)
9 Arghynbaev, Kh. A. (2005). Istoriko-kul’turnye svyazi russkogo i kazakhskogo narodov [Historical and cultural relations between the Russian and Kazakh peoples]. NPF “EKO”. (In Russian)
10 Kazakhi: Istoriko-etnograficheskoe issledovanie [Kazakhs: A historical and ethnographic study]. (1995). (G. E. Taizhanova, Ed.; M. K. Kozybaev, Kh. A. Arghynbaev, & M. S. Mukanov, Editorial Board). Kazakhstan. (In Russian)
11 Orynbaeva, G. U., Isaeva, A. I., & Beisegulova, A. K. (Comps.). (2018). Materialy Mezhdunarodnoy nauchno-prakticheskoy konferentsii «III Arghynbaevskie chteniya: Sovremennaya etnograficheskaya nauka i ee rol’ v modernizatsii obshchestvennogo soznaniya», posvyashchennoy Khalelu Arghynbaevu [Proceedings of the International Scientific and Practical Conference “III Arghynbaev Readings: Contemporary Ethnographic Science and Its Role in the Modernization of Public Consciousness,” dedicated to Khalel Arghynbaev]. Qazaq universiteti. (In Russian)

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.
Авторлық құқық (c) 2026 Саягул Акапова, Хаджы Ахмет Шимшек, Маргарита Какимжанова, Улбосын Аймбетова