DOI:
10.48010/zmw0jp30Кілт сөздер
БҰҰ бітімгершілік операциялары
дамушы мемлекеттер
Қазақстан
Түркия
Бразилия
сыртқы саясат
халықаралық қауіпсіздік
орта державалар дипломатиясы
Бұл мақалада Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгерлік қызметі дамушы мемлекеттердің сыртқы саясатының құралы ретінде қарастырылады. Автор қазіргі халықаралық қатынастар жағдайында бітімгерліктің тек халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету функциясымен шектелмейтінін, керісінше оның дипломатиялық, стратегиялық және институционалдық маңызы артып келе жатқанын негіздейді. Бітімгерлік миссияларға қатысу мемлекеттерге тек қақтығыстарды реттеу мен жанжалдан кейінгі тұрақтандыруға үлес қосуға ғана емес, сонымен қатар халықаралық беделін нығайтуға, дипломатиялық байланыстарын кеңейтуге, саяси легитимдігін арттыруға және көпжақты жүйедегі жауапты актор ретіндегі бейнесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осы тұрғыдан алғанда, бітімгерлікті тек қауіпсіздік практикасы ретінде емес, сыртқы саясаттың көпқырлы құралы ретінде түсіну қажет.
Зерттеу БҰҰ бітімгерлік операцияларына қатысуға қатысты ғылыми әдебиеттерді, саяси құжаттарды және ресми материалдарды сапалық талдауға негізделген. Негізгі назар Қазақстан тәжірибесіне аударылған, ал Түркия мен Бразилияның тәжірибесі салыстырмалы талдау үшін пайдаланылған. Салыстырмалы талдау бұл мемлекеттердің бітімгерлікті өздерінің сыртқы саяси мақсаттарына әртүрлі деңгейде және әртүрлі үлгіде енгізетінін көрсетеді. Бұл айырмашылықтар олардың стратегиялық ұмтылыстарына, институционалдық әлеуетіне және ішкі саяси жағдайына байланысты. Қазақстан біртіндеп және сақтықпен дамып келе жатқан үлгіні көрсетеді, мұнда басты назар институционалдық дамуға, операциялық тәжірибе жинақтауға және халықаралық аренадағы салмақты, бірақ шектеулі көрінуге аударылады. Түркия әскери қатысуды полиция компонентімен, медиациямен және бейбітшілікті орнықтыру бастамаларымен ұштастыратын анағұрлым кеңейтілген үлгіні көрсетеді. Бразилия болса, әсіресе MINUSTAH миссиясы кезеңінде, бітімгерлікті халықаралық деңгейде танылу мен ықпалын күшейтудің құралы ретінде пайдаланған неғұрлым белсенді модельді танытады.
Зерттеу нәтижелері бітімгерлік миссияларға қатысу мемлекеттің халықаралық позициясын нығайтуға, дипломатиялық белсенділігін кеңейтуге, сондай-ақ институционалдық және әскери әлеуетін арттыруға ықпал ететінін көрсетеді. Сонымен қатар, мақалада мұндай қатысудың шектеулері де анықталады: ресурстық тапшылық, ведомствоаралық үйлестіру мәселелері, ішкі саяси өзгерістердің әсері және қазіргі бітімгерлік операциялардың күрделене түсуі. Қорытындысында бітімгерлік дамушы мемлекеттер үшін маңызды, бірақ біркелкі емес сыртқы саяси құрал ретінде бағаланады; оның тиімділігі халықаралық мойындауға да, мемлекеттің ішкі мүмкіндіктеріне де тәуелді.
1 Ruggeri, A., & Meiske, M. (2017). Peacekeeping as a tool of foreign policy. In Oxford Research Encyclopedia of Politics. Oxford University Press. https://doi.org/10.1093/acrefore/9780190228637.013.462
2 Dobrescu, M. (2023). Status seeking through peacekeeping: Ukraine’s quest for a positive social identity in the international system. Foreign Policy Analysis, 19(2), orad009.
3 Kosdauletov, A. A., & Nurdavletova, S. M. (2022). Peacekeeping as a tool of Kazakhstan’s foreign policy. Social Sciences and Innovations (SSI), 5(1), 24–33.
4 Hirst, M., & Nasser, R. M. (2014). Brazil’s involvement in peacekeeping operations: The new defence-security-foreign policy nexus. Norwegian Peacebuilding Research Centre (NOREF).
5 Koçer, G. (2006). Turkey’s contribution to peacekeeping operations. Uluslararası İlişkiler Dergisi, 3(11), 47–70.
6 Woods, A., & Sazak, O. (2016). Turkey’s approach to peacebuilding: Principles, policies and practices. Istanbul Policy Center, Sabancı University.
7 Duarte, G. R., Carvalho, L., & Lopes, D. B. (2025). The rise and decline of Brazil as a peacekeeper. Revista Brasileira de Política Internacional, 68(1), Article e001.
8 Stein, M. (2018). The history of central Asian peacekeepers: The development of Kazakhstan, Kyrgyzstan, and Tajikistan’s peacekeeping units by fits and starts. The Journal of Slavic Military Studies, 31(2), 257–271.
9 McDermott, R. N., & Mukhamedov, I. (2004, January 28). Kazakhstan’s peacekeeping support in Iraq. Central Asia–Caucasus Analyst. https://www.cacianalyst.org/publications/analytical-articles/item/8706-
10 Schlegel, S. (2021). Kazakhstan as a provider of international security: Rationales behind the peacekeeping deployment to UNIFIL. In Central Asia after three decades of independence (pp. 107–124). Nomos Verlagsgesellschaft mbH & Co. KG.
11 McDermott, R. N. (2009). Kazakhstan’s defense policy: An assessment of the trends. Strategic Studies Institute.
12 United Nations Peacekeeping. (n.d.). Troop and police contributors. https://peacekeeping.un.org/en/troop-and-police-contributors
13 Genç Yılmaz, A., & Agwanda, B. (2021). Turkey’s contribution to international policing. Global Change, Peace & Security, 33(2), 143–161.
14 Andrade, I. O., Hamann, E. P., & Soares, M. A. (2021). Brazil’s participation in United Nations peacekeeping operations: Evolution, challenges, and opportunities.
15 Neack, L. (1995). UN peacekeeping: In the interest of community or self? Journal of Peace Research, 32(2), 181–196.
16 Cooper, A. F., Higgott, R. A., & Nossal, K. R. (1993). Relocating middle powers: Australia and Canada in a changing world order. UBC Press.
17 Vanderhill, R., Joireman, S. F., & Tulepbayeva, R. (2020). Between the bear and the dragon: Multivectorism in Kazakhstan as a model strategy for secondary powers. International Affairs, 96(4), 975–993.
18 International Peace Institute. (2019). Country profile: Kazakhstan. Providing Peacekeepers Project. https://www.ipinst.org/wp-content/uploads/2020/05/Kazakhstan_March2019.pdf
19 Von Billerbeck, S. B. K. (2017). Whose peace?: Local ownership and United Nations peacekeeping. Oxford University Press.
20 Fortna, V. P., & Howard, L. M. (2008). Pitfalls and prospects in the peacekeeping literature. Annual Review of Political Science, 11(1), 283–301.

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.
Авторлық құқық (c) 2026 Рустем Кадыржанов, Moldir Almaz, Шолпан Жандосова