ФИЛОСОФИЯ. ДӘСТҮР. МӘДЕНИЕТ

Абай мен Сұлтанмахмұттың шығармашылығын «дін философиясы» ұғымы тұрғысынан зерделеу мәселесі

Том 103 № 3 (2025), ФИЛОСОФИЯ. ДӘСТҮР. МӘДЕНИЕТ
Том 103 № 3 (2025)
2025-09-28 Көрілім саны: 107
Расилхан Джуншеев
М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті
Мейирхан Спанов
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті e-mail: meir_filosof27@mail.ru
Талғат Еркінұлы
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Кілтті сөздер

Абай, Сұлтанмахмұт, дін философиясы, рухани құндылықтар, сыншыл көзқарас, зерттеу әдістері.

Аңдатпа

Мақалада Абай мен Сұлтанмахмұт шығармалары дін философиясы тұрғысынан қарастырылып, олардың дінге қатысты ой-пікірлері жаңаша теориялық деңгейде зерделенеді. Дін тек наным жүйесі емес, адамның рухани өсуіне, ақыл мен білімге негізделген кемелденуіне ықпал ететін философиялық феномен ретінде ұсынылады. Абайдың дін туралы көзқарастары рухани-адамгершілік құндылықтарға, әділет пен ізгілікке негізделген болса, Сұлтанмахмұттың шығармалары діннің догматикалық шектеулерінен арылып, қоғамның рухани жаңғыруына ықпал ететін әлеуетін ашуға бағытталған. Сұлтанмахмұт дін тек сенім ғана емес, адамды рухани кемелдендіруге арналған интеллектуалдық қолдау ретінде ұсынылады. Надандықты жоюдың бір жолы – дінді ақыл-ойдың сүзгісінен өткізу, оны қоғам дамуына кедергі емес, керісінше, рухани негіз ету анықталған. «Дін философиясы» дінді сыртқы құбылыс ретінде ғана емес, рационалды талдау нысаны ретінде ұғынуға негізделеді. Осы тұғырдан Сұлтанмахмұт шығармашылығын зерделеу нәтижесінде ақынның дінге қарайғы көзқарасы тек ағартушылық идеялардың жиынтығы еместігі айқындалады. Ол дінді философиялық рефлексияға салып, оның қоғамдағы орны мен әлеуетін сыни тұрғыда бағалайды. Дін саласындағы догматизм мен формализмді сынау арқылы Сұлтанмахмұт діннің түпкі мақсатын – адамды рухани жетілдіру және оның өркениеттік дамуына ықпал ету идеясын алдыңғы орынға шығарады. Бұл оның дін мәселесін ұлттық сана эволюциясы мен мәдени өрлеудің ішкі факторы ретінде бағалағанын дәлелдегендігі айқындалған. Қос ойшылдың идеялары ұлттық философиялық ойдың дін феноменін терең түсінуіне ықпал еткенін көрсетеді. Мақала дінді түсінудің жаңа әдіснамасын ұсынып, оны қоғамның рухани және интеллектуалдық дамуының негізгі факторы ретінде пайымдайды.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Джуншеев, Р., Спанов, М., & Еркінұлы, Т. (2025). Абай мен Сұлтанмахмұттың шығармашылығын «дін философиясы» ұғымы тұрғысынан зерделеу мәселесі. Адам әлемі, 103(3), 29–37. https://doi.org/10.48010/aa.v103i3.691