Философия: қазіргі және тарихи контекст

РУХАНИ ҚАУІПСІЗДІК ФЕНОМЕНІ ЖӘНЕ ЯСАУИ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ АДАМ ТӘРБИЕСІ КОНЦЕПЦИЯСЫ

Том 28 № 1(107) (2026), Философия: қазіргі және тарихи контекст
Том 28 № 1(107) (2026)
2026-03-31 Көрілім саны: 23
Бауыржан Ботакараев
Национальный историко-культурный музей-заповедник Научный центр Ясавиведение
Сайпулла Моллақанағатұлы
«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы» Ясауитану ғылыми орталығы
Саян Шылмамбетов
А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті e-mail: sayan.shylmambetov@ayu.edu.kz
Нұрперзент Қыпшақбаев
А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Кілтті сөздер

Қожа Ахмет Ясауи
рухани қауіпсіздік
адам тәрбиесі
дүниетаным
радикалдық идеология

Аңдатпа

Зерттеуімізде рухани қауіпсіздік феномені мен Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымындағы адам тәрбиесі концепциясының өзара байланысы талданады. Зерттеу мақсаты – Ясауи ілімінің адам рухын кемелдендіруге бағытталған қағидаларының қазіргі қоғамдағы рухани қауіптер мен радикалдық идеологиялардың таралуына қарсы тұрудағы әлеуетін айқындау. Мақалада «рухани қауіпсіздік» ұғымының философиялық мазмұны, оның аксеологиялық және антропологиялық қырлары қарастырылады. Сондай-ақ Ясауи дүниетанымындағы адам тәрбиесі, нәпсімен күрес, моральдық жауапкершілік және рухани кемелдік идеялары қазіргі заман контексінде талданып, олардың жастардың рухани иммунитетін қалыптастырудағы рөлі сипатталады. Ясауи іліміндегі рухани тәрбие қағидалары қоғамдағы құндылықтар жүйесін тұрақтандырудың және адамгершілік сана-сезімді жандандырудың пәрменді тетігі ретінде қарастырылады. Зерттеу нәтижесінде Ясауи ілімінің рухани қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі философиялық және этикалық негіздері айқындалып, бұл ілімнің қазіргі қоғам үшін маңыздылығы талданады. Сонымен қатар мақалада Ясауи ілімінің ұлттық бірегейлікті сақтау мен рухани жаңғыру үдерістеріндегі орны айқындалады. Бұл зерттеу нәтижелері дерадикализация мен рухани тәрбие саласындағы практикалық бағдарламаларға ғылыми негіз бола алады. Ясауи дүниетанымының құндылықтық әлеуеті қазіргі заманның рухани дағдарыстарын еңсерудің тұжырымдамалық үлгісін ұсынады. Зерттеу қорытындылары рухани қауіпсіздік стратегияларын қалыптастыруда дәстүрлі сопылық ілімдердің маңызын арттыра түседі.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Ботакараев, Б., Моллақанағатұлы, С., Шылмамбетов, С., & Қыпшақбаев, Н. (2026). РУХАНИ ҚАУІПСІЗДІК ФЕНОМЕНІ ЖӘНЕ ЯСАУИ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ АДАМ ТӘРБИЕСІ КОНЦЕПЦИЯСЫ. Адам әлемі, 28(1(107), 52–60. https://doi.org/10.48010/aa.v28i1(107).820