DOI:
Кілтті сөздер
ислам, йасауийа, қараханилер, қожалар, саманилер, тариқат, тасаууф
Қазақ халқының дәстүрлі құндылықтары сан ғасырлар бойы халықтың дәстүрі мен тарихи мәдени болмысындағы дүниетанымдық пайымдар арқылы қалыптасқаны белгілі. Дәстүрлі қоғамда, тарихи мәдени сана мен діни танымның қалыптасуына елеулі үлес қосқан тұлғалар бар болғаны көпшілікке мәлім. Бүгінгі жаhандану дәуірінде діни буквализм мен дәстүрден тыс діни ағымдар мен топтардың ықпалдары арқылы дәстүрлі танымдағы құндылықтарды жастар тарапынан қабылдамауға үндейтін ұйымдар бой көрсетуде. Осы бағыттағы үрдістердің жастар арасында алдын алу үшін Түркістан өңіріндегі атақты діни тұлға, ақын, ойшыл Әзірет Сұлтан қожа Ахмет Йасауидің рухани мұрасын дәріптеуді қарастыру маңызды. Түркі әлемінің басты рухани тұлғалар қатарындағы Әзірет Сұлтан атағы мен рухани дәрежеге ие тұлғамыз хикметтерінде діни тұрақтылық пен жасампаздық идеялары насихатталған. Ақын ғұламаның шығармаларында мұсылмандық мәдениет пен ұждан ілімі туралы жиі сөз қозғалады. Мақалада Ахмет Йасауидің рухани тұлға ретіндегі қалыптасуы, өмірлік жолы мен бағдары, ойшыл өмір сүрген ортадағы діни, саяси, тарихи және мәдени ерекшеліктерді қамту арқылы бірқатар агиографиялық деректерді қарастыру арқылы қазақ даласына ислам дінінің ену ерекшеліктері зерттелген. Дінтанулық ғылымдағы әдіснама негізінде ақын тұлғаның өміріне агиографиялық және мәтіндік талдау тәсілдерімен зерттеу жүргізіліп, ислам дінінің таралуы ерекшеліктері зерделенді.