DOI:
Кілт сөздер
Орталық Азия, Қазақстан, Қырғызстан, этноәлеуметтік тұрақтылық, этносаралық қақтығыстар, институционалдық тетіктер
Бұл мақала Орталық Азия елдерінің халқы көпэтносты құрамы жағдайында этноәлеуметтік тұрақтылықты сақтауға бағытталған институционалдық тетіктерді салыстырмалы талдауға арналған. Этникалық құрылымы жағынан ұқсас саналатын Қазақстан мен Қырғызстан мемлекеттері мысалында қоғамдық келісімді қамтамасыз ету тәжірибесі, нормативтік-құқықтық базаны және этносаралық келісім мен әлеуметтік тұрақтылықты қолдауға бағытталған мемлекеттік институттардың қызметін талдау арқылы зерттеледі. Зерттеу барысында заңнамалық актілер ғана емес, сондай-ақ екі елдегі дағдарыс кезеңдерінде билік органдарының нақты іс-әрекет алгоритмдері де қарастырылады. Авторлар құқықтық жүйелердің этносаралық қақтығыстарға реакциясын салыстырмалы түрде талдайды, соның ішінде 2020 жылғы Қазақстандағы Қордай және 2010 жылғы Қырғызстандағы Ош оқиғалары қамтылады.
Этносаралық шиеленістің бастапқы кезеңдерінде жергілікті билік органдары жұмысының тиімсіздік себептерін айқындауға ерекше назар аударылады. Жүргізілген талдау негізінде қолданыстағы декларативтік нормалар мен қақтығыстардың алдын алуға арналған практикалық құралдар арасындағы алшақтық анықталды.
Авторлар этникалық тәуекелдерді басқару саласында мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу, медиация тәсілдерін енгізу, сондай-ақ мектеп және жоғары оқу орындары білім беру жүйесіне міндетті конфликтологиялық компонентті қосуды қамтитын дәстүрлі модельден инновациялық модельге көшу қажеттігі туралы қорытынды негізделеді.