ФИЛОСОФИЯ. МӘДЕНИЕТ. ҚОҒАМ

ТАРИХИ УРБАНИСТІК КЕҢІСТІКТЕГІ ДӘСТҮР МЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚТЫҢ ДИАЛЕКТИКАСЫ: ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ МӘДЕНИ КЕҢІСТІГІН ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ

Нөмір 28 № 2(108) (2026), ФИЛОСОФИЯ. МӘДЕНИЕТ. ҚОҒАМ
Нөмір 28 № 2(108) (2026)
2026-06-30 Қараулар саны: 0
Гаухар Абдуразақова
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті e-mail: gauhar_abdikarimovna@mail.ru
Гүлнар Ранова
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Дәуренбек Құсаинов
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Кілт сөздер

тарихи урбанистика, мәдени кеңістік, философиялық интерпретация, дәстүр, жаңашылдық, ұжымдық жады, мәдени мәтін

Аңдатпа

Мақала тарихи урбанистік кеңістіктегі дәстүр мен жаңашылдық диалектикасын философиялық тұрғыдан талдауға бағытталған. Мәселенің мәні қала кеңістігінің тек материалдық құрылым емес, мәдени мағыналар мен ұжымдық жадыны сақтайтын символдық жүйе екенінде. Жаһандану жағдайында урбанистік даму дәстүрлі мәдени кодтарды трансформацияласа да, оларды толық жоймай, жаңа әлеуметтік контексте қайта мағыналау қажеттілігі туындайды. Авторлық позиция бойынша дәстүр мен жаңашылдық қарама-қарсы құбылыстар емес, мәдени дамудың диалектикалық бірлігі болып табылады: дәстүр тарихи сабақтастықты қамтамасыз етеді, ал жаңашылдық мәдени тәжірибені қазіргі жағдайға бейімдейді. Мәселені шешу жолы ретінде мәдени кеңістікті философиялық интерпретациялау ұсынылады, яғни қаланы мәдени мәтін ретінде қарастырып, оның тарихи және символдық мағыналарын талдау. Бұл тәсіл урбанистік дамуды мәдени мұраны сақтаумен үйлестіруге мүмкіндік береді. Тараз қаласының мәдени кеңістігін зерттеу мысалында ұжымдық жады, жады орындары және мәдени сабақтастық ұғымдары талданып, тарихи қалалардың әлеуметтік-мәдени дамуын түсінудің теориялық негіздері көрсетіледі. Зерттеу философиялық әдіснаманы қолдану арқылы урбанистік кеңістіктің гуманитарлық өлшемін ашуға және мәдени саясатты қалыптастыруда ғылыми негіз ұсынуға бағытталған.

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

ТАРИХИ УРБАНИСТІК КЕҢІСТІКТЕГІ ДӘСТҮР МЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚТЫҢ ДИАЛЕКТИКАСЫ: ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ МӘДЕНИ КЕҢІСТІГІН ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ. (2026). Адам әлемі, 28(2(108), 86-96. https://doi.org/10.48010/5xk8m326