САЯСАТТАНУ: КОНЦЕПТУАЛДЫҚ, ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КЕЙБІР ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ДӘСТҮРЛІ ОТБАСЫ ИНСТИТУТЫНА ӘСЕРІ

Нөмір 28 № 2(108) (2026), САЯСАТТАНУ: КОНЦЕПТУАЛДЫҚ, ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР
Нөмір 28 № 2(108) (2026)
2026-06-30 Қараулар саны: 0
Ақан Мергембаев
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті e-mail: akanmergembai@gmail.com
Рашид Мухитдинов
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті
Альбина Дүйсенбаева
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті

Кілт сөздер

отбасы институты, ажырасу, толық емес отбасы, атаулы әлеуметтік көмек, жесір әйел, әлеуметтік саясат, құқықтық мәртебе

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасындағы отбасы институтының қазіргі ахуалы және оған әсер ететін бес орталық заңнамалық акт –  «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңы (1997), ҚР Әлеуметтік кодексі (2023), «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексі (2011), «Білім туралы» ҚР Заңы (2007) және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің № 257 бұйрығы (2023) –  кешенді түрде қарастырылады. Зерттеу нысаны – аталған актілер шеңберінде толық емес отбасы санатына бағдарланған мемлекеттік қолдау тетіктері: атаулы әлеуметтік көмек (АӘК), асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы, тұрғын үй көмегі және «Бақытты отбасы» бағдарламасы. Зерттеу пәні – «толық емес отбасы» ұғымының заңнамалық бекітілуінің ажырасу динамикасына жанама ынталандырушы әсер ету ықтималдығы, атап айтқанда «жесір», «ажырасқан әйел» және «жалғызбасты ана» мәртебелерін бір ұғымда біріктіру практикасынан туындайтын нормативтік-функционалдық шатасу. Жұмыс үш методологиялық қабатты біріктіреді: (1) формалды-құқықтық талдау – аталған бес актінің мазмұны мен жинақтық ынталандырушы мағынасы; (2) сипаттамалық статистика мен салыстырмалы талдау – ҚР ҰСБ-ның 2022–2025 жж. деректері және ҚР-мен мәдени-нормативтік тұрғыдан ұқсас Ресей Федерациясының Солтүстік Кавказ өңірлерімен салыстыру; (3) нормативтік-этикалық рефлексия – ислам құқығы мен қазақ әдет-ғұрып нормаларын заңнамалық тетіктер реттемейтін аймақтарда салыстырмалы контекст ретінде тарту. Зерттеуде ажырасудың өсуі тек әлеуметтік саясатпен түсіндірілмейтіні мойындалып, ескертпелі гипотеза ретінде толық емес отбасыларға бағытталған қолдау тетіктерінің жанама ынталандырушы мінез-құлықтық әсер ете алуы мүмкін екені талданады. Қорытындыда әлеуметтік бағдарламаларды қайта қарау және татуластыру тетіктерін енгізу бойынша ұсыныстар тұжырымдалады.

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КЕЙБІР ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ДӘСТҮРЛІ ОТБАСЫ ИНСТИТУТЫНА ӘСЕРІ. (2026). Адам әлемі, 28(2(108), 137-149. https://doi.org/10.48010/02h4vt87