ДІНТАНУЛЫҚ ЖӘНЕ ИСЛАМТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

ИСЛАМДАҒЫ БІЛІМ КОНЦЕПЦИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МҰСЫЛМАН ӨРКЕНИЕТІНДЕГІ РӨЛІ

Том 89 № 3 (2021), ДІНТАНУЛЫҚ ЖӘНЕ ИСЛАМТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
Том 89 № 3 (2021)
2021-09-26 Көрілім саны: 197
Қайрат Құрманбаев
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті
Дамира Сихимбаева
Нұр-Мүбарак Египет Ислам университеті e-mail: alpesh_83@mail.ru

Ключові слова

білім, концепция, ислам, мұсылман өркениеті, ғылым

Анотація

Мақалада исламдағы білім концепциясының алғашқы мағынасы, трансформациясы және оның мұсылман өркениетіндегі ғылым мен білімнің дамуындағы рөлі қарастырылады. Кез-келген ұғым не термин түрлі тарихи кезеңдердегі идеологиялық, мәдени, әлеуметтік және тағы басқа шарттарға байланысты мағыналық өзгеріске ұшырап отырады. Бұл исламдағы білім концепциясы мен оның өркениеттегі орнына да қатысты. Шектеулі сауаттылығы бар тайпалық араб мәдениетіндегі білім ұғымы ислам дінінің келуімен жаңа мәнге ие болып, діни және зайырлы білім туралы жүйелі концепцияның теориялық тұрғыдан анықталуына және ғылыми білімнің дамуына зор үлесін қосады. Білім және ғылым тарихындағы фундаменталды еңбектерге сүйене отырып, ислам діні мен мұсылман өркениетінің даму барысындағы білім концепциясының рөлі бағаланады.

Сонымен қатар мұсылман өркениетіндегі білімнің жинақталып, жүйеленіп, дамуындағы басты тарихи факторлар талданады. Атап айтар болсақ, ежелгі грек, үнді және парсы мәдениеттерінің мұсылман өркениетіне қосылып, оны интеллектуалды турғыдан байытуға зор үес қосқан. Қазіргі исламдағы «алтын ғасыр» аталған дәуірдегі білім мен ғылымның шарықтап дамуындағы алғышарттар талданып, қазіргі заман ғылми білімінің өзегі саналған ежелгі грек ғылымының мұсылман өркениетіндегі орнына баға беріледі.

Як цитувати

Құрманбаев, Қ., & Сихимбаева, Д. (2021). ИСЛАМДАҒЫ БІЛІМ КОНЦЕПЦИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МҰСЫЛМАН ӨРКЕНИЕТІНДЕГІ РӨЛІ . Адам әлемі, 89(3), 131–139. https://doi.org/10.48010/2021.3/1999-5849.12