DOI:
Ключові слова
Ислам феминизмі
Сопылық әйелдер
Сопылық гендер
Сопылық әйелдер ұйымдары
Сопылық феминизм
Әйелдер суфизмнің дамуында бұрыннан маңызды рөл атқарған. Сопылық дәстүр әлемнің гендерлік дуалдыққа қарамастан болмыстың бірлігін мойындайды. Бұл ілімді тану сопылықта әйелдердің рухани дамуына ықпал етті. Тариқаттарда сопылық әйелдер маңызды орын алды.
Сопылық әйелдердің тәжірибесін, сондай-ақ әйелдердің сопылық дүниетаным мен сопылық тәжірибеге тигізетін әсерін зерттеу мәдени және тарихи тұрғыдан құнды болып қана қоймай, мұсылман қоғамындағы әйелдердің орны мен рөлін жақсылап зерттеуге көмектеседі. Осыған орай, мақала әлемдегі және Қазақстандағы заманауи сопылық топтардағы әйелдердің рөліне арналған. Тарихтағы әйгілі сопылық әйелдер, әлемдегі заманауи сопылық әйелдер ұйымдары және қазіргі заманғы қазақстандық тарифтерге әйелдердің қатысуы қарастырылады. Мақаланың мақсаты - сопылық ұйымдарды әйел әрекетінің призмасы арқылы қарастыру. Мақала материалдары ашық ақпараттар мен академиялық дереккөздердің, сондай-ақ авторлардың далалық мәліметтерінен негізделген. 2016 жылдан бастап қазіргі кезеңге дейін Қазақстан мен Түркиядағы сопылық топтардың далалық зерттеулері өткізілді.