ФИЛОСОФИЯ. ҚОҒАМ. МӘДЕНИЕТ

МОДЕРНИЗАЦИЯ ӘЛЕУМЕТТІК ФЕНОМЕН РЕТІНДЕ

Том 90 № 4 (2021), ФИЛОСОФИЯ. ҚОҒАМ. МӘДЕНИЕТ
Том 90 № 4 (2021)
2021-11-12 Көрілім саны: 140
Аяжан Сагикызы
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты
Назкен Абдыкимoва
ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты
Динара Жанабаева
ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты e-mail: dinara.jan@bk.ru

Кілтті сөздер

modernization, modernity, traditional society, capitalism, Islamic world, Kazakhstan, public consciousness.

Аңдатпа

Мақала Қазақстан Республикасы алдында тұрған қазақстандық қоғамдық сананы жаңғыртуға қатысты модернизация феноменінің мазмұны мен мағынасын ашуға арналған. Модернизация ұғымы бастапқыда Батыс ғалымдарының Батыс Еуропаның феодалдық жүйеден капиталистік жүйеге көшу процесі мен салдарын түсінуі кезінде пайда болғандығы көрсетілген. XIX ғасырдың аяғынан бастап, әсіресе ХХ ғасырда еуропалық өмір сүру стандарттары мен институттарын дәстүрлі өмір салтымен мемлекеттер мен қоғамдарға көшіру модернизация деп түсініле бастады. Қазақстандық қоғамдық сананы жаңғырту міндетіне байланысты жаңғырту феномені басқаша түсіндірілуі тиіс екендігі көрсетілген. Қоғамдық сананы жаңғырту оны толығымен жаңаруға ұшыратпауы керек. Ол ғасырлар бойы қалыптасқан позитивтілікті, Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздік алғаннан кейін қалыптасқан позитивтілікпен синтездеуі тиіс.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Сагикызы A., Абдыкимoва N., & Жанабаева D. (2021). МОДЕРНИЗАЦИЯ ӘЛЕУМЕТТІК ФЕНОМЕН РЕТІНДЕ. Адам әлемі, 90(4), 21–30. https://doi.org/10.48010/2021.4/1999-5849.03