DOI:
Ключові слова
Когнитивтік ғылым философиясы, ақыл-ой теориясы, гравитация, музыкалық елестету, болжамды өңдеу, бейнеленген музыканы танып-білу
Музыка танымның анағұрлым күштірек жүйесімен толықтырылады. Бұл жүйеде әуендердің математикамен және жалпы алғанда тілмен кейбір ортақ белгілері бар. Ұсынылып отырған ізденісте музыканы өзіндік референтті құрылым және трансформацияға қабілетті жүйе ретінде талдаудың негізгі қырлары ашылған және қабылдаудың концепциясы мен анықтамасына басты назар аударылған. Адам миындағы музыкалық эмоциялар туралы трактаттар музыка философиясында әлі күнге дейін аса көп кездеспейді. Осы тұрғыдан алғанда, Әл Фарабидің музыка кітабы – алғашқы және бірегей туынды. Осы жұмыстың қүндылығын арттырушы себептердің бірі – Фарабидің «Китаб әл-Мусиқа әл Кабир» еңбегінің оның музыкалық зерттеулеріне жаңа ақпарат енгізетіндігі. Бұл шолуда музыканың эволюциялық дамуы және адамның ақыл ойына мәдени және психологиялық әсері туралы жан-жақты баяндалады. Философтар ғасырлар бойы музыканың адам өмірімен өзара әсері, іргелі себептері мен себептілігі туралы сұрақтарды қойып отырды. Қабылдау мен музыканың өзара әсерінің нәтижесінде қалыптасатын музыкалық қабылдау ұғымы зерттелген. Музыкалық қабылдау үдерісі қабылдаудың жалпы үдерістерін қолдау арқылы қалыптастырылды. Әл-Фараби осы сұрақтардың неврология тұрғысынан айқындығын өзінің «Китаб әл-Мусиқа әл Кабир» еңбегінде көрсеткен. Біз адамның музыкалық мінез-құлқының әртүрлі қырлары туралы баяндайтын когнитивті жүйелер анықтаған интеллектуалдық зерттеулер аясында жаңа нәтижелерді талдадық. Мақаланың негізгі мақсаты – Әл-Фарабидің музыка философиясындағы беделін еске алу. Ізденісте Әл-Фараби философиясы қазіргі заманғы концептуалық шеңберде маңызды екені туралы тұжырым жасалған. Методологиялық тұрғыдан біз «Китаб әл-Мусиқа әл Кабир» еңбегінің арабша қолжазбасының аудармасын таңдадық. Әл-Фараби философиясындағы «музыка – бейненің бір түрі» деген қорытынды ерекше әсерлі.