ФИЛОСОФИЯ. БІЛІМ. ҚОҒАМ

Инновациялық университеттердің статусы мен әлеуеті

Том 91 № 1 (2022), ФИЛОСОФИЯ. БІЛІМ. ҚОҒАМ
Том 91 № 1 (2022)
2022-03-30 Көрілім саны: 122
Салтанат Аубакирова
Торайғыров университеті
Майра Кожамжарова
Торайғыров университеті
Гаухар Ахметова
Торайғыров университеті
Зауреш Искакова
Торайғыров университеті e-mail: zauresh_iskakova@mail.ru

Ключові слова

инновация, инновациялық университет, кәсіпкерлік, білім беру, гуманитарлық білім, гуманизация, инновациялық процесс.

Анотація

Өркениеттің жаңа типі болып табылатын ақпараттық қоғам жоғары деңгейлі мамандарды қажет етеді, ол мамандардың интеллектуалдық деңгейі жоғары болуы тиіс. Ал қоғамдағы соңғы уақыттағы жағдай, әсіресе короновируспен байланысты туындаған мәселелер, адамдардың адамгершіліктік, рухани деңгейінің маңыздылығын көрсетті. Сондықтан да маман болып қою аз, адам болып қалу өте маңызды екенін дәлелдеген сияқты.
Сондықтан да прагматизм мен гуманитарлық жалпы білім берудің комплементарлы үйлесуі мүмкін бе деген сұрақ туындайды. Осы сұраққа жауапты инновациялық университеттер негізінде қарастыруға тырысамыз.
Инновациялық типтегі университет – қазіргі нарықтық сұраныстарға сай мамандар даярлайтын, әлемдік өзгерістерге сай келетін, бүгінгі жоғары технологиялық өндірістердегі жағдайларға бейімделген, тез дамуға, жылдам өзгеруге қабілетті, отандық нарықтағы сұранысқа жауап беретін, сонымен қатар жалпыгуманитарлық білімді жетілдірген университет.
Басты гипотеза дәстүрлі білім берудің орнына келетін университеттердегі білім беру механизмдері инновацияға, шығармашылыққа негізделуі тиіс деген тұжырымға саяды. Қазақстандық инновациялық типтегі зерттеу университет-тері ғылыми білім берудің жаңа типін қалыптастыруы үшін гуманистік құндылықтарды басшылыққа алатын жоғарғы дәрежелі мамандар даярлауды мақсат тұтуы тиіс.

Як цитувати

Аубакирова, С. ., Кожамжарова, М. . ., Ахметова, Г., & Искакова, З. (2022). Инновациялық университеттердің статусы мен әлеуеті. Адам әлемі, 91(1), 27–36. https://doi.org/10.48010/2022.1/1999-5849.03