ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ФИЛОСОФИЯ

Историцизм тарихқа герменевтикалық бағытталған көзқарас ретінде

Том 94 № 4 (2022), ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ФИЛОСОФИЯ
Том 94 № 4 (2022)
2022-12-28 Көрілім саны: 115

Ключові слова

Историцизм, герменевтика, методология, эпистемология, қазіргі философия, әлеуметтану, жаратылыстану

Анотація

Бұл мақалада біз XX ғасырдың аяғындағы эпистемологияны түсінудегі историцизмнің рөлін түсінуге тырысамыз. Бэконнан Ағартушылық дәуіріне дейін ғылымның бірден-бір критерийі жаратылыстану ғылымдарына негізделген деп есептелді. Сол дәуірде қалыптасқан түсінік бойынша ғылым деп жаратылыстану ғылымы танылса ал тарих пен қоғамға қатысты ғылымдар да жаратылыстану ғылымдары әдісі бойынша айқындалды. Бұл мақалада авторлар историцизм деп аталатын қозғалыстың шығу себебі мен мақсатын айқындауды мақсат тұтып отыр. Бұл қозғалыс XIX ғасырда ғылымға классикалық көзқарасқа қарсы сыни көзқарас ретінде пайда болды. Бұл қозғалыстағы ең ықпалды тұлға неміс ойшылы Вильгельм Дильтей болды. Дильтей жаратылыстанудың қалыптасқан әдістемесіне антипозитивистік көзқараста болды. Бұл қөзқарастың ұстанымы бойынша, ғылым болу үшін әрбір зерттеушінің қатаң ережелері болуы керек және олардың зерттеулері эксперименттік нәтижелерге, бақыланатын фактілерге, объективті дәлелдерге негізделуі керек дегенді білдірді. Дильтейден бастап және басқа ой мектептерінің көмегімен историцизм деп аталатын жаңа қозғалыс гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар үшін жаңа әдіснама құру жолында өз жобаларын ұсынады. Бұл жаңа жобада әр ғылымның өзіндік әдістері мен зерттеу объектісі болады деді. Адам мен қоғамды тану үшін біз жаратылыстану ғылымын қолдана алмаймыз өйткені ол физикалық немесе биологиялық пән емес, әлеуметтік өмір мен адам тағдыры мен тарихы. Осы өзгеру процесін ескере отырып, историцизмді қазіргі эпистемологиялық көзқарас ретінде тануға болады ма? Әдістеме ретінде тарихты позитивті ғылымнан бөліп алып айтуға болады ма? Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдардағы тарихты пәні не болмақ? Осы сұрақтардан шыға отырып, біз герменевтикалық феноменологиялық көзқарастағы историцизмнің қазіргі философиядағы рөлін түсінуге тырысамыз.

Як цитувати

Рыстан, Ж., & Тұрсынбаева , А. (2022). Историцизм тарихқа герменевтикалық бағытталған көзқарас ретінде. Адам әлемі, 94(4), 12–20. https://doi.org/10.48010/2022.4/1999-5849.02