DOI:
Ключові слова
азаматтық қоғам, қақтығыстар, саяси мәдениет, күш пен әлеует, қақтығыс трансформациясы, жас ұрпақ, тұрақты мемлекет
Бүгінгі таңда жастарды және олардың әлеуметтік-саяси белсенділігін шешуді қажет ететін өзекті проблема ретінде қарастыру үрдісі бар. Алайда бұл көбінесе келесі сұрақтардың туындауына себеп болады: егер жастар әлеуеттік қауіп немесе проблема ретінде қарастырылса, одна оны қалай шешу керек, және де жастарды мемлекеттің тұрақтылығы мен әлеуметтік-саяси негіздерін бұзуға қабілетті белгілі бір күш ретінде қарастырған жөн бе?
Мақаланың өзектілігі қоғамдағы оң өзгерістердің, ұлттық және халықаралық деңгейде тұрақты мемлекет дамуының негізгі құрамдас бөлігі ретіндегі жас ұрпақ саяси мәдениетінің ерекшеліктерімен, маңыздылығымен айқындалады. Сонымен қатар, саяси мәдениеттің анықтамасы, жас ұрпақтың қалыптасуы мен дамуындағы рөлі, жастардың қоғамдағы орны, саяси мәдениетті қалыптастырудың негізгі принциптері, осы бағыттағы өзге мәселелер де атап көрсетілген. Жастардың қатысуымен қоғамдағы саяси сауаттылық пен мәдениетті дамыту - мемлекет пен қоғам арасында сұхбат орнату, жастар саясаты саласындағы құқықтық тетіктерді жетілдіру қажеттілігінен туындайды деген қорытынды жасалды, және де болашақ бітімгерлер ретіндегі жастардың қызметіне ерекше назар аударылады.