DOI:
Ключові слова
Құран, қарилық мектеп, қырағат ілімі, мәнһадж, рауи
Ислам тарихында қарилық мектептер Құран Кәрімді зерттеуге, оны дұрыс түсініп, одан үкімдер алуға және Құран мазмұнын өзге аймақтарға жеткізуде үлкен рөл атқарды. Қарилық – Құран ілімдерінің оқылу және жатталудың қағида-ережелерін, методикалық әдіс-тәсілдерін құраушы негізі. Құран меңгерген қарилар – Құран Кәрімге қатысты білімі мен танымын арттырушы, жоғары мәдениеттілікке қол жеткізушілер ретінде құрметке ие. Өйткені, ислам әлемінде білім, ғылымның бастауы болған Құран Кәрімге қатысты ілімдерден нәр алу – адамның ақылын нұрландырып, мінез-құлқын кемелдендіреді, жүрегін тыныштандырып, рухын асқақтатады. Исламтанулық білім негізінде танымның әрқилы салаларымен қатар, бiлiм мен тәрбиені қатар берумен сипатталатын, терең рухани қасиеттер дарытатын имандылыққа негiзделген қарилықмектептердің қалыптасу және дамутарихын зерттеу өзекті. Себебі, қарилыққа, жалпы ислам дiнiндегi (ең алғаш түскен Құран аяты – «Оқы» болды) бiлiмге деген құрмет ғалымдарды адамның әлеуметтік, биологиялық және рухани қырларын зерделеуге итермелеп, гуманистік тұрғыдан жетiлген тұлға – «кемел адам» қалыптастыруға деген ұмтылысына әкелді. Гуманистік тәрбиені жүзеге асыру технологиясы адам дамуының ырғағымен бірге әрдайым зерттелу үрдісінде болуы заңдылық.