Дінтанулық зерттеулер

Фанатизм түсінігі, мәні және ерекшеліктері (жалпы фанатизм, радикализм, фундаметализм, экстремизм, терроризм түсініктерінің ара жігін айқындау)

Том 87 № 1 (2021), Дінтанулық зерттеулер
Том 87 № 1 (2021)
2021-03-26 Көрілім саны: 410
Нагима Байтенова
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Назерке Жетписбай
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті e-mail: naziko_96.96@mail.ru

Ключові слова

фанатизм, радикализм, фундаметализм, экстремизм, терроризм

Анотація

Мақала қазіргі кездегі жалпы әлемдегі діни ахаулға байланысты БАҚ-да, ғылыми ізденістер мен зерттеулерде жиі қолданыста болып жүрген ұғымдар қатарына кіретін жалпы фанатизм,  радикализм, фундаметализм, экстремизм, терроризм түсініктерінің ара жігін айқындап талдауға арналған. Қазіргі кезде бүл ұғымдардың жиі қолданыста болуына қарамастан әлі де болса жүйеленген нақтыланған зерттеулер жеткіліксіз деп айтуға болады, көп жағдайда фанатизмге деген осындай үлкен қызығушылығына қарамастан, оның тұтас бейнесі қазіргі ғылыми әдебиеттерде іс жүзінде фанатизмді талдау, әдетте, басқа қоғамдық құбылыстарды зерттеуге байланысты белгілі бір контексте қарастырылады.  Фанатизмнің нақтылы түрлерін, оның діни радикализммен байланыстылығын, діни радикализмнің түрлері ретінде жалпы діни радикализм, діни-этникалық радикализм, діни негіздегі саяси радикализм жіктеліп олардың ара жігі ажыратып көрсетіледі. Қазіргі кезде фундаментализм, соның ішінде діни фундаментализмнің қоғам өмірінде орын алуы ойландыратын өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Осы мәселеге байланысты әлемдегі қоғамдық пікірде кең етек жайған пікір бойынша діни фундаментализм тек исламға ғана тән емес, басқа діндерде де, соның ішінде, православие, иудаизм, индуизм діндерінде де орын алған әлеуметтік феномен екендігіне де мақалада назар аударылады.

Як цитувати

Байтенова, Н., & Жетписбай, Н. (2021). Фанатизм түсінігі, мәні және ерекшеліктері (жалпы фанатизм, радикализм, фундаметализм, экстремизм, терроризм түсініктерінің ара жігін айқындау). Адам әлемі, 87(1), 124–139. https://doi.org/10.48010/2021.1/1999-5849.11