ДІНТАНУЛЫҚ ЖӘНЕ ИСЛАМТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДІНДАРЛЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІНДЕГІ ЗОРОАСТРИЗМ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

Том 92 № 2 (2022), ДІНТАНУЛЫҚ ЖӘНЕ ИСЛАМТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
Том 92 № 2 (2022)
2022-06-28 Көрілім саны: 339
Еңлік Қасабекова
Философия, саясаттану және дінтану институты e-mail: enlik78@rambler.ru
Серік Сейдуманов
Философия, саясаттану және дінтану институты

Ключові слова

зороастризм, элемент, түркі, қазақ, рухани әлем, мәдениет, дәстүр

Анотація

Мақалада қазақ халқының діндарлық дәстүрлеріндегі зороастрлық элементтері сондай-ақ, қазақ халқы мен зороастрлардың мәдени және рухани байланыстары, ұқсастықтары, ерекшеліктері жайында сөз қозғалады. Зороастрлық элементтердің мән-мағынасына көңіл бөлінеді. Жаһандану заманында ұлттық кодты сақтап қалу, ұлттық және рухани құндылықтарды жоғалтпай оларды дамыту және зерттеу-зерделеу жарқын болашаққа апарар маңызды мақсат-мүдделердің бірі болып отыр. Өткенге оралу, тарихты зерттеу, тарихи жәдігерлерді қайта қарастыру, рухани жаңғыру және жаңа әрі тың көзқарастарға бет бұру ізденістер мен уақыт талабы десек те болады. Кез келген халықтың өзіндік мәдениеті, рухани болмысы, рухани әлемі болары хақ. Әсілінде, ешқандай халық жеке дара тарихи, саяси-экономикалық байланыстарсыз оқшауланып өмір сүре алмайтыны секілді, мәдениет те өзара ықпалсыз, байланыссыз бола алмайды.

Як цитувати

Қасабекова, Е., & Сейдуманов, С. (2022). ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДІНДАРЛЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІНДЕГІ ЗОРОАСТРИЗМ ЭЛЕМЕНТТЕРІ. Адам әлемі, 92(2), 163–172. https://doi.org/10.48010/2022.2/1999-5849.16