ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ФИЛОСОФИЯ

АБАЙ ЭТИКАСЫНЫҢ ГУМАНИЗМІ ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ

Том 92 № 2 (2022), ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ФИЛОСОФИЯ
Том 92 № 2 (2022)
2022-06-28 Көрілім саны: 133
Асия Мамырбекова
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті e-mail: asiya08@mail.ru
Қанат Оралбек
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

Кілтті сөздер

мәдениет, руханият, жаңғыру, этика, гуманизм, толық адам, адамгершілік, қоғамдық сана

Аңдатпа

Мақалада қоғамдық сананы жаңғырту және мәдениеттің жаңғыруы жағдайында қазіргі қазақстандық қоғамдағы руханияттың жағдайы мен болашағы қарастырылады. Руханият халықтың әлеуметтік-мәдени кодының негізгі қағидаларының бірі ретінде тарихи өткеннен бастау алады. Болашаққа шынайы көзқараспен қарау үшін мәдени мұрадан мағынаны қалыптастырушы әлеуметтік-мәдени құндылықтарды алу қажет.
Абай философиясының ізденістерінде гуманизм моральдық ұғым ретінде танылып отыр. Абайдың адамгершілік ілімдерінің негізі - қазақ халқының рухани құндылықтарында, салт-дәстүрлерінде, ауызша халық шығармашылықтарында және Ұлы Дала ойшылдарының еңбектерінде сақталған.
Мақалада Абай этикасының гуманизмі - шынайы адамгершілікті анықтаудың бір түрі, адам болмысының мағыналық дәрежесінің көрсеткіші екендігі баса айтылған.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Мамырбекова, А., & Оралбек, Қ. (2022). АБАЙ ЭТИКАСЫНЫҢ ГУМАНИЗМІ ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ. Адам әлемі, 92(2), 49–57. https://doi.org/10.48010/2022.2/1999-5849.05