ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ФИЛОСОФИЯ

Әл-Фарабидің рухани мәдениет философиясындағы надандық мәселелері

Том 93 № 3 (2022), ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ФИЛОСОФИЯ
Том 93 № 3 (2022)
2022-09-30 Көрілім саны: 153
Яри Пекка Каукуа
Ювяскюля Университеті
Ақмарал Сырғақбаева
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Неля Рушанова
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті e-mail: rushanova@gmail.com

Ключові слова

ғылымға, әртүрлі салаларға, ғылыми трактаттарға, маңызды жұмыстарға қосқан үлесі, вакуумның болуы

Анотація

Бұл мақалада Әл-Фарабидің ғылымға қосқан үлесіне қысқаша шолу жасалады. Әбу Насыр Әл-Фараби өз заманының ұлы философы және ғалымы болған. Бастапқыда ол Фараби мен Бұхарадағы оқуын бітіріп, кейін Бағдадқа барып, онда ұзақ уақыт оқып, жұмыс істеді. Осы уақыт ішінде Әл-Фараби бірнеше тілді, сондай-ақ білім мен технологияның түрлі салаларын меңгерді.

Мақалада этикалық философияның негізін қалаушы әл-Фарабидің этикалық философиясындағы надандықтың нақты проблемалары, әсіресе Ежелгі және мұсылман дәстүрінің Фарабидік синтезі, платондық саяси тұжырымдамалар жүйесіндегі орны ашылады. Сондай-ақ, Фараби идеяларының Ислам әлеміндегі этикалық ойдың одан әрі дамуына әсері көрсетілген.

Сонымен қатар, мақалада әл-Фарабидің тіпті кішігірім қауымдастықтарды басқаруға лайықсыз, әлсіз және жалқау басқарушыларды қатаң сынға алған ойлары мен трактаттары нақты көрсетілген.

Ғалым өз еңбектерінде осындай “билеуші” ұғымына тән белгілерге сипаттама береді

Як цитувати

Каукуа, Я. П. ., Сырғақбаева, А. ., & Рушанова, Н. (2022). Әл-Фарабидің рухани мәдениет философиясындағы надандық мәселелері . Адам әлемі, 93(3), 40–48. https://doi.org/10.48010/2022.3/1999-5849.04