ДІНТАНУЛЫҚ ЖӘНЕ ИСЛАМТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

Коронавирус сын-қатер алдындағы қазақстандағы ислам: медиатизациямен «сынау»

Том 95 № 1 (2023), ДІНТАНУЛЫҚ ЖӘНЕ ИСЛАМТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
Том 95 № 1 (2023)
2023-03-30 Көрілім саны: 96
Юлия Шаповал
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
https://orcid.org/0000-0002-1351-4495
Татьяна Липина
ҚР Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты e-mail: lipinata13@yandex.kz

Ключові слова

ислам
коронавирус індеті
медиатизация
«желілік дін»
діни акторлар
діни беделінің жылжуы

Анотація

Мақала Қазақстандағы ислам институттарына коронавирустық пандемияның әсерін зерттеуіне арналған. Діни рәсімдерді қоспағанда, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) мен оның бөлімшелерінің жұмысының басым бөлігінің интернет пен БАҚ-қа көшуіне ықпал тигізген COVID-19 індеті қазақстандық контекстіндегі исламды медиациялау үдерісіне түрткі болған. С. Хьярвардтың (Hjarvard) дінді «медиатизациялау» және Х. Кэмпбеллдің «желілік діні» концепцияларына сүйене отырып, авторлар Қазақстандағы ресми ислам құрылымдарының қызметіне жаңа ақпараттық технологиялардың қолдануы айтарлықтай әсер етіп, медиатизация «сынағына» айналғанын дәлелдейді.

Авторлар қазіргі уақытта Қазақстандағы «дәстүрлі исламның» өкілі болып табылатын ҚМДБ мемлекет тарапынан әлеуметтік шиеленісті төмендету, түрлі әлеуметтік мәселелер бойынша ресми мемлекеттік дискурстарды насихаттау мақсатында халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге делдал ретінде тартылғанын көрсетеді. Коронавирустық індеті жағдайында ҚМДБ-ның әртүрлі құрылымдарының делдалдық қызметі төтенше жағдай жариялау кезінде мешіттердің жабылуы, содан кейін ғибадат орындарында ұжымдық намаз оқуының шектелуі, оған тыйым салуы туралы үкіметтің ұнамсыз шешімдерін исламдық тұрғыдан түсіндіру және негіздеу болып табылады.

Мүфтият сайтының және оның әлеуметтік желілеріндегі парақшаларының контент-талдау негізінде ҚМДБ-ның карантиндік жағдайда жасаған және оның медиа-платформалары мен мессенджерлерінде таралған баяндамалары анықталды. Ресми исламдық құрылымдардың медиа кеңістігінде жариялатын контент мемлекеттік институттардың ресми дискурсы мен ислам құндылықтарына үндеу арқылы үкімет шешімдерін заңдастыратын ҚМДБ дискурстары арасындағы интермәтінділігін ашады. Басым дискурстар арасында төтенше жағдай мен карантиндік шектеулерді енгізу бойынша мемлекеттік шараларды қолдау, исламның тазалық діні ретіндегі дискурс, мұсылмандарды бірлікке шақыру, қайырымдылықтың маңыздылығы туралы дискурс ерекшеленеді. Мешіт имамдары мен қызметшілерімен жүргізілген сұхбат жергілікті халықпен тікелей жұмыс істейтін мұсылман дін қызметкерлерінің үнін естуге, атап айтқанда, олардың көзқарастары бойынша жұмыстың жаңа түрлерінің артықшылықтары мен кемшіліктері анықталды, сонымен қатар медиатизация «сынағынан» қалай өткенін көрсетуге мүмкіндік берді.

Медиатизацияның діни беделдің дәстүрлі ислам құрылымдарынан орталықсыздандырылған және бәсекелі медиакеңістіктегі жаңа ықпалды діни актерлерге ауысуы сияқты салдарларына ерекше назар аударылды, олардың арасында ҚМДБ дискурстарын ілгерілететін, сондай-ақ исламды өз оқуы негізінде баламалы ұстанымдар білдіретін позициясы да бар. Індет кезіндегі мұсылмандардың сұрақтары бойынша қалыптасқан медиа күн тәртібін талқылау аясындағы діни беделінің плюрализациясы түсіндіруiлік қайшылығын тудырды. Жалпы айтқанда, медиатизациялық «сынақ» ҚМДБ-ның жаңа ақпараттық технологияларды бейімдеу, электронды муфтият және имамдардың құзыретіне жаңа талаптарды қою сияқты жаңа бастамашылық қызметін күшейтті.

Як цитувати

Шаповал, Ю. ., & Липина, Т. (2023). Коронавирус сын-қатер алдындағы қазақстандағы ислам: медиатизациямен «сынау». Адам әлемі, 95(1), 142–155. https://doi.org/10.48010/2023.1/1999-5849.13