DOI:
Ключові слова
Түйін сөздер: денсаулық, Құдай, тыныштық, адам, өмір, өлім, жан, тән
Мақала пандемия кезеңінде маңызды болған, бірақ та қазақстандық гуманитарлық ғылымдарда аз қозғалатын тақырыптардың бірі шығыстық денсаулық философиясына арналады. Көрнекті де, атақты ойшыл, емші Ибн-Синаның шығармашылығы мақаланың басты тақырыбы ретінде қарастырылады.
Әбу Әли Ибн-Сина шығыстың денсаулық философиясының ұстанымдарын жүйелеп, медицина саласында серпіліс жасап, медицинаны бір сатыға жоғары көтерді.
Оның ұстанымдары негізінде дәрігер адамды емдер алдында оның жаны мен тәнінің ара-қатынасының философиясын ұғынуы қажет. Ибн-Синаның пайымдауынша, денсаулық дүниетанымдық әмбебаптар жүйесіне енгізілген: Құдай - дүние - адам - өмір - өлім - жан - тән.