ДІНТАНУЛЫҚ ЖӘНЕ ИСЛАМТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

РУХАНИЯТ ӘЛЕМІНДЕГІ КИЕЛІ ҰҒЫМДАР

Том 94 № 4 (2022), ДІНТАНУЛЫҚ ЖӘНЕ ИСЛАМТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
Том 94 № 4 (2022)
2022-12-28 Көрілім саны: 86
Мырзахмет Жүзей
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті e-mail: mirza1806@mail.ru
Исахан Мұхан
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті

Ключові слова

дін, руханият, киелілік, дәстүр, тіл, символ, діни сана

Анотація

Мақалада адамзат мәдениетінің құбылысы ретіндегі киелілік (сакралдылық) ұғымы оның қалыптасу тарихымен тығыз байланыста қарастырылады. Автор сакралдылық феноменінің табиғатын зерттеген ғалымдардың тұжырымдарын сараптау барысында сакралдылық тек діни өмірді ғана емес, жалпы мәдени және рухани өмірді қамтитын құбылыс екенін дәлелдейді. Демек, осы жағынан руханилық түсінігі де сакралдылық түсінігіне жақын ұғым. Сондықтан сакралдылық идеясын да руханилық сияқты әмбебап және тарихтан тыс жалпыадамзаттық өзек деп қарастыруға болады деген қорытынды жасайды. Ежелгі түркілік дәстүрлерден бастау алған қазақ дүниетанымындағы сакралды немесе қасиетті құндылықтардың концептуалды түсінігінің ғылыми негіздемелерінің талдануы мақаланың жаңалығы болып саналады.

Як цитувати

Жүзей, М., & Мұхан, И. . (2022). РУХАНИЯТ ӘЛЕМІНДЕГІ КИЕЛІ ҰҒЫМДАР . Адам әлемі, 94(4), 170–181. https://doi.org/10.48010/2022.4/1999-5849.16