САЯСАТ. ӘЛЕУМЕТ

«Белдеу және жол» бастамасының өңірлік аспектілері

Том 94 № 4 (2022), САЯСАТ. ӘЛЕУМЕТ
Том 94 № 4 (2022)
2022-12-28 Көрілім саны: 107
Светлана Кожирова
Р. Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты e-mail: uldanai1994@mail.ru
Елена Нечаева
Р. Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты
Ұлданай Жүзбаева
Р. Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты

Ключові слова

Қытайдың «Белдеу және жол» бастамасы, Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты, геоэкономикалық мүдделер, сыртқы саяси тәуекелдер, Шыңжаң, синофобия

Анотація

Қазақстан Республикасының 2020-2030 жылдарға арналған сыртқы саясат тұжырымдамасына сәйкес өңірлік және көпжақты дипломатия саласындағы негізгі басымдықтардың бірі Қытай Халық Республикасымен жан-жақты стратегиялық әріптестікті одан әрі дамыту болып айқындалды.
Қазіргі уақытта Қытай әлемдегі жетекші державалардың бірі, Қазақстанның стратегиялық серіктесі және Covid - 19 пандемиясының салдарымен бетпе-бет келген экономиканы қалпына кел-тіру үшін елімізге қаржылай көмек көрсете алатын әлемдегі санаулы елдердің бірі болып табылады.
ҚХР-ның сыртқы саяси стратегиялары ел басшылығының халықаралық қатынастар мен жаһандық басқару жүйесіне көзқарасын көрсетеді. Қытай үнемі назарда және үнемі қызығушылық тудырады. Сондай-ақ, ҚХР үшін оның Қазақстанмен қарым-қатынасының дамуын айқындайтын маңызды фактор ірі әлемдік державалар арасында буферлік аймақ құру ниеті болып табылатынын атап өту қажет.

Як цитувати

Кожирова, С., Нечаева, Е., & Жүзбаева, Ұ. . (2022). «Белдеу және жол» бастамасының өңірлік аспектілері. Адам әлемі, 94(4), 98–111. https://doi.org/10.48010/2022.4/1999-5849.10