DOI:
Ключові слова
философия, мәдениет, құбылыс, энциклопедист, мұғалім, ғалым, даму, ғылым, мұра, өркениет, эстетика, этика, логика
Әл-Фараби басқа мәдениеттерге, діндер мен рухани тәжірибелерге қатысты толеранттылық қағидатын ұстана отырып, өзара түсіністік философиясының негізін қалады. Ол ежелгі заман философиясы мен орта ғасырлардағы ислам, христиан және иудаизм философиялары арасында сындарлы диалогты жүзеге асырып, қазақстандық өзара түсіністік философиясының заманауи дискурсына органикалық түрде кірді.
Өзара түсіністік туралы ілімінде әл-Фараби мүлдем басқа рухани және зияткерлік әлемдер арасындағы интегралды коммуникативті диалогтың шексіз мүмкіндіктерін ашты. Ежелгі мұраның мағыналық философиялық кеңістігін игеру тәсілі ретінде өзара түсіністік қағидасы оған философияның диалогтық мәнін ашып, оны еркін, тең рухани және интеллектуалды тәжірибелердің диалогы ретінде түсінуге мүмкіндік берді. Әл-Фарабидің философиялық мұрасының призмасы арқылы өзара түсіністік философиясының үлкен мәні айқындалады.