DOI:
Ключові слова
ислам, рационализм, өркениет, ғылым, сенім
Қазіргі таңда ислам діні аясында сенім мен ақыл мәселесі қарсы қойылып, олардың қарым-қатынастарында басымдық тек сенімге беріледі деген тұжырымдарды жиі кездестіруге болады. Бұл тұжырымды қазіргі таңдағы мұсылман елдерінің басым көпшілігінде кеңінен таралған буквализм, консерватизм және ортағасырлық қоғам құндылықтары мен дәстүрлеріне қайта оралуға үндейтін жалаң популизм құбылыстары қолдай түседі. Ғылым және философия тарихында ортағасырлық ислам философиясы мен ғылымы адамзаттың ақиқат жолындағы рухани ізденісіндегі орны ерекше зор және өзінің тереңдігі мен жүйелігінің арқасында келесі философиялық (еуропалық) ізденістерге де зор ықпалын тигізген. Алайда, философия және ғылым тарихындағы еуропоцентрлік көзқарастың үстемдігі бұл мәселені төмендетіп, ортағасырлық мұсылман ойшылдарын ежелгі грек философиясы мен ғылымының комментаторлары ретінде ғана қарастырды.
Мақалада, ортағасырлық мұсылман өркениетінде ақыл мен сенім ара-қатынасы, діни және ғылыми білімнің дамуында рационализмнің рөлі қарастырылады. Сонымен қатар, исламдағы ғылыми дәстүрлердің қалыптасып дамуына ықпал еткен тарихи, әлеуметтік, саяси факторлар талданып, жалпыадамзаттық ғылымының дамуында мұсылман ғалымдарының үлесі мен орнына баға беріледі.