ҚАЗІРГІ ҚОҒАМНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ТІЛ БИЛІГІ ФИЛОСОФИЯСЫ: ЛИНГВОЦЕНТРИСТІК ДИСКУРС

Том 99 № 1 (2024), ҚАЗІРГІ ҚОҒАМНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Том 99 № 1 (2024)
2024-03-31 Көрілім саны: 53
Дәулетбек Раев
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
https://orcid.org/0000-0001-7630-5167
Калмурат Сыбанбаев
КЕАҚ «Нархоз Университеті» e-mail: kalmurat.sybanbaev@narxoz.kz
Акбота Токмурзаева
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
https://orcid.org/0009-0001-8113-8292

Ключові слова

Тіл
тіл билігі
лингвоцентризм
әлемнің тілдік бейнесі
тіл энергиясы
сөз
адамның тілдік өлшемі
тілдің объективтенуі

Анотація

Мақалада тіл философиясы аясында тіл билігі контексіндегі тіректік мәселесіне назар аударылады. Соның бірі – адам үшін тілдің бастамалық позициясын, яғни адамға жүргізілетін тіл билігінің лингвотектік бастау көзін анықтау мақсаты көзделеді. Бұл ретте біз – «әлемнің тілдік бейнесі», «адамның сөзі – өзі» ұстанымдарына негізделе отырып, отандық ғылымда мемлекеттік тілде алғаш рет адамға қатысты тіл билігінің лингвоцентристік, яғни тілдің объективті болмыстық табиғатына сүйене келе, оған ғылыми теориялық тұрғыда талдауға қадам жасалады. Бұл бүгінгі постмодерндік ыңғайдағы адамзатының сана трансформациясынан хабар бермек. Осы тұрғыдан келгенде, тіпті қазіргі заманғы білім беру жүйесін де философиялық таным призмасы тұрғысынан қайта қарау тенденциясы қалыптасуда. Тілдің өз сөйлеулеріне жүргізетін үстемдік ету мәселесі мақаланың негізгі арқау мәселесі болып отыр. Сол себепті, біз көтеріп отырған мәселенің бастауында тұратын феноменнің бірі – тіл билігінің лингвоцентристік тамыры болмақ. Аталмыш мақала тіл билігінің лингвоцентристік тамырлы астарларын ажырата отырып, сараптауға бағытталады.

Як цитувати

Раев , Д. ., Сыбанбаев, К., & Токмурзаева , А. . (2024). ТІЛ БИЛІГІ ФИЛОСОФИЯСЫ: ЛИНГВОЦЕНТРИСТІК ДИСКУРС. Адам әлемі, 99(1), 50–60. https://doi.org/10.48010/aa.v99i1.407