DOI:
Ключові слова
ислам экономикасы
дін
экономика
этика
мораль
әлеуметтік теңдік
Мақаланың мақсаты жалпы этика мен экономиканың өзара байланысын айқындап, ислам экономикасының моральдық-экономикалық нормаларға қаншалықты мән беретіндігін анықтау. Мақала кіріспе, екі негізгі бөлім және қорытындыдан тұрады.
Мақаланың бірінші бөлімінде жалпы экономикамен этикалық нормалардың арасындағы қатынас зерттеуге алынды. XIX ғасырдағы Жан-Батист Сэй, Леон Вальрас, Альфред Маршал сынды батыстық экономисттердің экономика ғылымдарын моральдық-этикалық нормалардан бөліп қарастыру бағытына сыни талдау жүргізілді. Мұсылман әлеуметтанушысы Ибн Халдун мен француз ойшылы Жан-Жак Руссоның экономикалық шешімдердің мәнін толық түсіну үшін адамды тек экономикалық бірлік ретінде қарастырмай адамның басқа да қырларын экономика ғылымдарының зерттеу аясына қосудың маңыздылығын алға тартқандары айшықталды.
Екінші бөлімде исламның экономикаға қатысты тағылымдарында этикалық нормалар қаншалықты деңгейде назарға алынғандығы зерттелді. Мақалада ислам экономикасындағы этикалық нормалар мен принциптер бірінші кезекте Құран және Сүннет деген екі қайнар көзден бастау алатындығы айқындалып, діни қайнар көздерден алынған экономикалық принциптердің этикалық қырлары зерделенді. Атап айтқанда ислам экономикасы адал кәсіппен айналысу, экономикалық теңдік, әлеуметтік теңдік және меншікті қорғау деген басты принциптерге негізделгендігі айқындалып, оларға жеке-жеке талдау жасалды.
Зерттеу нәтижесі моральдық-этикалық құндылықтардың жалпы экономика ғылымдарында айырықша орынға ие екендігін дәлелдеп, ислам дінінің этикалық нормаларды экономикалық шешімдер мен әрекеттердің ажырамас бөлігі ретінде қарастыратындығын көрсетті.