ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН

Зияуддин Сардардың зияткерлік дискурсы: қазіргі ислам философиясының тәжірибесі

Том 4 № 86 (2020), ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН
Том 4 № 86 (2020)
2020-12-26 Көрілім саны: 55
Наталья Сейтахметова
ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты e-mail: natalieseyt@mail.ru
Жанара Турганбаева
ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты
Мадина Бектенова
ҚР Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты

Ключові слова

зиятты, постмодернизм, пост-батыстандыру, ислам, мәдениет, ислам философиясы, Азия мәдениеті

Анотація

Мақалада ислам мәдени-коммуникативті кеңістігіндегі постмодернизмді заманауи тұрғыдан түсінудің ерекшеліктері қарастырылды. Авторлар назары дүниепайымы Ислам әлемімен қатар Батыс әлемінің де шынайылығында өз көрінісін тапқан мұсылман зияткері Зияуддин Сардардың философиялық көзқарастарына шоғырланған. Зерттеу авторлары «постмодернистік» деп сипатталатын көзқарастар, құбылыстар, оқиғалар, қарымқатынастар пост-қалыпты-пост-үйреншікті уақыттың бірегейлік, постколониалды әлем тәртібі, мәдениетаралық өзара қарымқатынастар категорияларын қайта пайымдауымен себептелетіні жөнінде қорытындыға келеді. Постмодернизм туралы зияткер
тұрғысынан пайымдай отырып, З.Сардар ұлтаралық өзара әрекеттесудің, мәдениеттің төлтумалығы, егемендігі және иемденуі үлгілерін қыр-сырына дейін қарастыруды алға қояды. Сардар Ислам әлемінің қазіргі өмірлік үлгілері европоцентризмнің орнына келіп өріс алып жатқан пост-батыстандыру арқылы сипатталатынын айқындайды. Осы орайда зияткер қазіргі заманғы философиялық дискурсіне қатыстырылған ғылыми қауымдастығының әр мәдениеттің ішіне өмір мен ойдың төлтумалық үлгілерін прагматизациялау қажеттілігі туралы пікірін білдіреді.

Як цитувати

Сейтахметова, Н., Турганбаева, Ж., & Бектенова, М. (2020). Зияуддин Сардардың зияткерлік дискурсы: қазіргі ислам философиясының тәжірибесі. Адам әлемі, 4(86), 81–89. https://doi.org/10.48010/2020.4/1999-5849.08