DOI:
Ключові слова
лизингтік қаржыландыру, бөліп төлеу, лизинг алушы, лизинг беруші, компания, фиқһ
Мақалада лизингтік қаржыландыру мен ислам құқығындағы бөліп төлеу саудасы арасындағы ұқсастықтары және айырмашылықтары салыстырмалы түрде қарастырылады. Атап айтсақ, келісімшарттардың ерекшелігі, мерзімі, келісімшартқа қатысушылардың рөлі, міндеттемелері т.б. жағынан сараланады. Сонымен қатар, қос келісімшарттың ұқсастықтарын негізге алып, лизингті бөліп төлеу саудасы ретінде санағандардың пікірлері тілге тиек етіліп, зерделенеді. Талдау барысында бөліп төлеу саудасында лизингтік операция ережелерінің елеулі бөлігін ығыстырып жіберетін көптеген қағидаттар анықталып, лизингтік қаржыландыруды ислам құқығындағы бөліп төлеу саудасы ретінде қарастыруға келмейтіні айқындалады.