DOI:
Ключові слова
Алтын Орда, ислам, сопылық, түркі халықтары, рухани мұра, құндылық
Соңғы жылдары Еуразия төскейіндегі түркі-мұсылман халықтарының басын құраған ірі мемлекет – Алтын Орданың діни тарихы бойынша зерттеулер көптеп жүргізілуде. Еділ бойы мен Дешті Қыпшақ халықтарының діні мен ұстанған конфессияларын зерттеудің маңыздылығы артып, осы бағыттағы ғылыми жұмыстардың қатары артып келеді. Діннің рухани, философиялық және мәдени ролін зерттеуге қызығушылықтың артуы ғылыми жұмыстардың жүргізілуіне арқау болып отыр. Исламда ең негізгі діни-философиялық бағыттардың бірі саналған – Сопылық ілімнің Алтын Орда халықтарының арасында таралуы мен оның әлеуметтік-мәдени және рухани рөлін түбегейлі зерттеу ғылымдағы аса маңызды және кезек күттірмейтін тақырыптардың біріне айналып отыр. Алтын Орда мемлекетінде Ислам тарихы, оның қабылдануы мен халық санасына сіңдірілуі гуманитарлық ғылымдардың өкілдерінің назарын өзіне аударып келеді. Алтын Ордада Ислам тарихы мен руханияты бойынша зерттеулердің айтарлықтай жоғары даму деңгейіне қарамастан, ғылыми ізденістердің қажеттілігі байқалады. Соның ішінде ең өзектісі – сопылық ілімнің тарихы мен философиясы болып, бұл бағыттың Орда халықтарының санасындағы рухани құндылықтары маңызды саналады. Ұсынылып отырған ғылыми мақалада түркі дәуірінің аса ірі мемлекеті болған Алтын Ордада Ислам дінінің, оның ішінде сопылық ілімнің таралуы мен оның рухани-философиялық құндылықтары қарастырылады. Алтын Орда халқының Исламды қабылдауда және мұндағы сопылық ілімінің таралуына тарихи талдау жасалады және рухани тұрғыдан баға беріледі.