DOI:
Ключові слова
саяси ислам, исламизм, постисламизм, либералды, зайырлы, көзқарастардың өзгерісі.
Исламизм - қазіргі уақыттағы ең күрделі әлеуметтік құбылыстардың бірі, бұл өте қарқынды идеялық және саяси күрес жүріп жатқан көп қырлы, өзгермелі және гетерогенді қозғалыс. Постислмизм идеясының айрықша ерекшелігі – олардың жаһандану әлеміндегі демократия принциптерімен үйлесуге ұмтылысы. Исламизмнен айырмашылығы, постисламизм жеке адамның міндеттерінің орнына оның құқықтарына баса назар аударады. Алайда, бұл прогрессивті идеялар исламизмнің толық алмастырушысы бола алмады, өйткені оның танымалдылығының төмендеуі XIX ғасырдың аяғында уақытша болды. XX ғасырдың басындағы парламенттік сайлаудағы бірқатар исламисттік партиялардың жетістіктері бұған дәлел болды. Мақалада исламизм мен постисламизм анықтамасы және оның негізгі ағымдары, сипаттары мен көріністеріне талдау жасалынған. Жұмыстың мақсаты – исламизм мен постисламисттік пікірталаста анықталған нақты түсініктерді талдау және қарастыру, Исламисттік көзқарастан, постисламизттік көзқарасқа ауысу сипатына талдау жасалынды. Мақаланың негізгі әдіснамасы баспа басылымдары мен электрондық мақалалардың контент-талдауы болып табылады. Зерттеу сонымен қатар ислам догмалары туралы соңғы мәліметтер негізінде талданды. Зерттеу жұмысын түсіндіретін индуктивті әдісті, исламизм мен постисламизмнің негізгі мазмұнын айқындау үшін дедуктивті әдіс қолданылды. Зерттеу барысында авторлар сонымен қатар исламдық ой сарапшыларының еңбектеріне жүгінді.