DOI:
Ключові слова
араб дереккөздері, Әбу әл-Фида, «Тақуим әл-булдан», Хорезм, Маверанахр, Шағатай ұлысы
Ежелгі және ортағасырлық тарихи-географиялық жазба ескерткіштері әртүрлі аумақтардың географиялық, топонимикалық, этимологиялық, этносаяси тарихын зерттеудің құнды дереккөздері болып табылады. Нақты материалдарға негізделген ортағасырлық саяхатшы ғалымдардың географиялық жаңалықтары жергілікті мекендер туралы идеяларды қайта құруға, жаңа ғылыми үлес қосуға, сонымен қатар түркі халықтарының мұрасын зерттеуге үлес қосуға мүмкіндік береді.
Әр түрлі елдермен байланысты шетелдік дереккөздер арасында тарихнаманы зерттеу аясында араб географтары мен саяхатшыларының еңбектері үлкен орын алады. Ал жаңа уақыттағы батыс шығыстанушыларының зерттеулері бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ. Бұл мақала сириялық географ, тарихшы және саясаткер Әбу әл-Фиданың (1273-1331) «Тақуим әл-булдан» кітабына арналған. Мақалада маңызды ақпаратты анықтау, сондай-ақ ортағасырлық уақыт мөлшерімен парадигмалық байланыстар жүргізу мақсатында тарих ғылымы жинақтаған білімге тарихнамалық талдау жүргізілді. Тақырыпты зерттеу үшін қажетті тарихи шындықтың жаңа аспектілерін көрсетеді.