Қазіргі заман саяси дискурсындағы қоғам мен мәдениет

Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың институционалдық ортасын халықаралық индекстер негізінде өлшеу

Том 88 № 2 (2021), Қазіргі заман саяси дискурсындағы қоғам мен мәдениет
Том 88 № 2 (2021)
2021-06-28 Көрілім саны: 131
Аксана Панзабекова
Институт экономики КН МОН РК e-mail: aksanat@mail.ru
Ирина Тургель
Уральский федеральный университет им. первого Президента России Б.Н. Ельцина
Аксауле Жанбозова
Институт экономики КН МОН РК

Ключові слова

ресми және бейресми институттар
сыбайлас жемқорлық
сыбайлас жемқорлықтың институционалдық ортасы
мемлекеттік басқарудың тиімділігі
сыбайлас жемқорлықты өлшеу индикаторлары

Анотація

Зерттеу тақырыбының өзектілігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың негізгі стратегиялық басымдықтарының бірі ретінде анықталуына байланысты. Бұл мақала Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың институционалдық ортасын бағалауға бағытталған. Зерттеу барысында сыбайлас жемқорлықтың ресми және бейресми институттарының мәні заңға қарсы келетін мінез-құлықты болдырмайтын немесе тудыратын фактор ретінде зерттелген. Мақалада сыбайлас жемқорлықтың институционалдық анықтамасы берілген, оның айрықша белгілері көрсетіліп және оның институционалдық ортасын бағалау тәсілі қалыптастырылған. Институционалды ортаны бағалау үшін түрлі халықаралық ұйымдармен әзірленетін салыстырмалы индикаторлар, сондай-ақ Г.Хофстеде әзірлеген «мәдени өлшемдер индекстері»қолданылған. Олардың Қазақстан үшін және әлемнің әртүрлі геоэкономикалық аймақтарындағы басқа мемлекеттер үшін құндылықтарына уақыт кескіндерінде салыстырмалы талдау жасалған. Талдау нәтижелері Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың институционалды ортасының ерекшеліктерін жалпылауға мүмкіндік берді. Зерттеу қорытындылары құзыретті мемлекеттік органдардың қазақстандықтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын арттыру үшін бағдарламалық құжаттарды әзірлеуде тәжірибелік қолданысын табуы мүмкін. Ғылым үшін жұмыстың маңыздылығы сыбайлас жемқорлықтың институционалдық ортасын бағалаудың тұжырымдамалық негізінің әзірленуінде жатыр. Болашақ зерттеулердің бағыты - бұл жұмыста қолданылатын индекстердің құрамдас бөліктерін бағалауға қосу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық пен басқа әлеуметтік институттар арасындағы байланыстың беріктігін анықтауда жатыр.

Як цитувати

Панзабекова, А., Тургель , И. ., & Жанбозова , А. . (2021). Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың институционалдық ортасын халықаралық индекстер негізінде өлшеу. Адам әлемі, 88(2), 66–80. https://doi.org/10.48010/2021.2/1999-5849.07