DOI:
Ключові слова
Түйін сөздер: Коммуникативтік технологиялық инновациялар, Қазақстан Республикасы, мемлекет пен қоғам әрекеттестігі, Telegram, Facebook, саяси диалог.
Орталық Азиядағы саяси процесстерді өзгертіп, түрлендіріп, қайта форматтауға ұшыратып, үлкен әсер беріп жатқан жаңалықтар мен сараптамалық интернет порталдары, Whatsapp сияқты мессенжерлер, Telegram мен Facebook-ке ұқсас гибридті және конвергентті медиа-құралдар, видеохостинг пен редакциялау сервистері (Youtube, TikTok), стриминг платформалары және тағы басқа көптеген технологиялық шешімдер ақпараттық-коммуникативтік мазмұны бар технологиялық инновациялар кешенін қалыптастырады. Бірқатар себептер бойынша бұлардың ықпалы Қазақстанда айқын білінеді. Салыстырмалы түрде қарағанда Қазақстанда өмір сүру деңгейі жоғарырақ, осыған сәйкес елдің төлем қабілеттілігі де, интернеттің пенетрация тереңдігі де, коммуникация саласының жетілуі де және т.т. жоғары.
Осыған байланысты Қазақстандағы жағдайды бүкіл Орта Азия аумағы үшін модель ретінде қарауға болады. Коммуникативтік технологиялық инновациялардың ықпалы Қазақстан Республикасында әлеуметтік-саяси процесстерінің қарқынды күшейтілуі, қоғамның құрылымы қайта өзгертілуі және қоғамға ықпал ететін жаңа топтар пайда болуы арқылы біліне бастады. Коммуникативтік технологиялық инновациялардың әсерінің тағы бір белгісі - диалог және пікірталас алаңдарының құрылуы. Көбінесе олар бейресми сипатта болады, қоғамды біріктіруге де, саралауға да себептеседі.
Осыдан коммуникативтік технологиялық инновацияларды қолдану үшін мемлекеттік тәсіл таңдау кезінде дилемма туындайды. Бір жағынан, мемлекет ақпараттық-коммуникация саласының дамуын көтермелейді, екінші жағынан, жаңа коммуникация құралдар арнасы бойынша өсіп келе жатқан азаматтық белсенділікті шектеуге тырысады.
Автордың пікірі бойынша, жуық жылдарда коммуникативтік технологиялық инновациялардың Қазақстандағы саяси процесстерге әсері айтылған екі контрадикторлы үрдістер (еркіндікке де бақылауға да ұмтылыс) ықпалында болады. Әсіресе, екі алып державалар – Қытай Халық Республикасы мен Ресей Федерациясымен көршілес болғандығын және осы мемлекеттерде мемлекет пен қоғам әрекеттестігінде көбінесе жазалау логикасы басым екенін ескеру керек.