DOI:
Ключові слова
Иран халқының ұлттық бірегейлігі, ұлттық бірегейлік дағдарысы, жаһандану, Иран, ирандық болмыс, бірегейлік құндылықтар
Бүгінгі ирандық ұлттық-мәдени бірегейлік көптеген кезеңдерді қамтыған күрделі үдерістің нәтижесі болып табылады. Мақалада тарихтың әртүрлі кезеңдерінде болған өзгерістер жергілікті мәдениеттердің негізгі құндылықтарымен үйлесе отырып, біртұтас бірегейліктің үйлесімді түрлерінің қалыптасқанын көрсетеді. Тарихта ұлттық дағдарыс процестеріне қарсы тұру және ұлттық бірегейлік дағдарысын еңсеру үшін мәдени-тарихи мұраны жаңғыртуға күш салған. Мақалада Иран халқының ұлттық болмысын зерттеудегі маңызды мәселелердің бірі – оның тарих кезеңдеріндегі дағдарыстарын, құлдырауы мен өрлеуін қарастыру. Иран тарихына тарихи шолу жасау - бұл елдің өз тарихында ұлттық болмысының дамуында дағдарыстарды өткере отырып, маңызды рөл атқарған түрлі өзгерістерді бастан кешіргенін көрсетеді.
Тұлғалық дағдарысты жеңу немесе ұлттық бірегейлік дағдарысының туындауына жол бермеу үшін ұлттық бірегейліктің сабақтастығының құрамдастарын анықтап, оны нығайтуды қажет етеді. Тарихи сананы тереңдету мен дамыту және соның нәтижесінде, жаһандануға қарай қарқынды қадам басып келе жатқан заманда ұлттық бірегейлікті нығайту – кез-келген қоғамда өзекті мәселе болып табылады.
Ирандық болмыстың шиеленісу мәселесінің өзектілігінің бір қыры – бүгінде, әлемнің барлық аймақтары сияқты Иранның да жаһандану процестері мен батыстанудың ықпалын бастан кешіруімен байланысты. Ғылымның таралуы, мәдениетаралық байланыстардың артуы қазіргі иран халқының ұлттық санасында бірегейлік «түсінігін» шиеленістіре түсті. Осы мақсатта, мақалада Иранның тарих бойындағы бірегейлік шиеленістерін, дағдарыстарын қалай еңсергенін қарастыру арқылы бүгінгі жаһандану дағдарысын шешуге белгілі бір жауаптар, түсініктер алу көзделді.