ТАРИХ ЖӘНЕ ДӘСТҮРДЕГІ ФИЛОСОФИЯ

Араб-мұсылман философтарының шығармашылық ойлары және логикаға қөзқарасы

Том 98 № 4 (2023), ТАРИХ ЖӘНЕ ДӘСТҮРДЕГІ ФИЛОСОФИЯ
Том 98 № 4 (2023)
2023-12-20 Көрілім саны: 102
Лесхан Асқар
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Берік Аташ
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Динара Пернебекова
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті e-mail: d.pernebekova@mail.ru

Ключові слова

логика, шығармашылық ойлау, логика тарихы, араб-мұсылман философиясы, қалам, исмаилизм, ишракизм, суфизм, фәлсафа

Анотація

Мақалада араб-мұсылман философиясы ағымындағы ойшылдардың креативті көзқарастары және логика іліміне қарым-қатынастары қарастырылады. Орта ғасырлық әл-Фараби, Ибн Сина, Ибн Рушд сияқты көрнекті философ ойшылдардың креативті көзқарастары мен логикалық ілімдері басқа мақалада қарастырылғандығын ескере отырып, біз басқа философиялық ағымдар мен олардың өкілдерінің креативті ойларын және логика іліміне қатысты көзқарастарын талдауға мән бердік, әсіресе ортағасырлық араб-мұсылман философиясының бес мектебінің философ өкілдеріне баса назар аударылды. Олардың санатына – қалам, исмаилизм, ишракизм, суфизм және фалсафа немесе Шығыстың перипатетизмі енеді.

Як цитувати

Асқар, Л., Аташ, Б., & Пернебекова, Д. (2023). Араб-мұсылман философтарының шығармашылық ойлары және логикаға қөзқарасы. Адам әлемі, 98(4), 3–16. https://doi.org/10.48010/2023.4/1999-5849.01