DOI:
Ключові слова
тіл, тіл билігі, лингвизм, этнизм, ұлттың тілдік өлшемі, ұлттық мінездің тілдік болмысы, тәржіме, мағына
Мақалада тіл билігі философиясы аясында ұлттың қалыптасуындағы тілдің үстем айқындаушы рөлі сарапқа түсіп, «тіл» мен «ұлт» ұғымдарының ішкі тұтастығы мәселесі қарастырылады. Мұнда ұлт үшін тілдің бастамалық позициясын, яғни тілдің ұлтқа қатысты жүргізетін билігінің лингвотектік және этногендік тұтастығын анықтау мақсаты көзделеді. Бұл ретте біз – «әлемнің тілдік бейнесі», «тілдің ішкі екі жақты табиғаты», «тіл мен ұлт – егіз құбылыс» ұстанымдарына негізделе отырып, отандық ғылымда мемлекеттік тілде алғаш рет ұлтқа қатысты тіл билігінің лингвоцентристік, яғни тілдің этногендік, объектиті болмыстық табиғатына сүйене келе, оған ғылыми теориялық тұрғыда талдауға қадам жасалады. Бұл бүгінгі постмодерндік ыңғайдағы адамзатының сана трансформациясынан хабар бермек. Осы тұрғыдан келгенде, тіпті қазіргі заманғы білім беру жүйесін де философиялық таным призмасы тұрғысынан қайта қарау тенденциясы қалыптасуда. Тілдің өз этносферасына жүргізетін үстемдік ету мәселесі мақаланың негізгі арқау мәселесі болып отыр. Сол себепті, авторлар көтеріп отырған мәселенің бастауында тұратын феноменнің бірі – тіл билігінің лингвоцентристік және этно-логоэпистемасының ішкі сырын ашу болмақ. Аталған мақала тіл билігінің этно-лингвоцентристік тамырлы астарларын ажырата отырып сараптауға бағытталады.