ДІНТАНУЛЫҚ ЖӘНЕ ИСЛАМТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

Меккелік және Мединелік аяттардың мотивациялық ерекшеліктері: салыстырмалы талдау

Том 100 № 2 (2024), ДІНТАНУЛЫҚ ЖӘНЕ ИСЛАМТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
Том 100 № 2 (2024)
2024-06-27 Көрілім саны: 41
Рахымжан Рашимбетов
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті e-mail: raha_r91@mail.ru
Айна Кабылова
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Кілтті сөздер

Құран, мотивация, Мекке, Мадина, Алғашқы мұсылмандар
Құран, мотивация, Мекке, Мадина, Алғашқы мұсылмандар, салыстыру

Аңдатпа

Аталмыш мақалада екі кезеңдегі құран аяттарының мотивациялық қыры зерделенді: Меккелік және Мәдинелік. Алғашқы мұсылман қоғамындағы құран аяттарының мотивация беру өзгерісі мен ерекшеліктері талданды және салыстырылды.
Зерттеуде негізгі үш сұраққа жауап табуға күш салынады: Құрандағы Меккелік сүрелердің алғашқы мұсылмандарға рухани демеу беру мен Мұхаммед пайғамбарды шабыттандырудың негізгі ерекшеліктерін сипаттау; жоғарыдағы мотивация беру сипаттары уақыт өте келе қалай өзгеріске түскендігін салыстыру; Құранның мотивациялық тәсілдерінің алғашқы мұсылман қоғамындағы көрінісін талдау. Тарихи салыстырмалылық зерттеу герменевтикалық тәсілді қолдану арқылы орындалды. Зерттеу барысында аталмыш кезеңдердегі құранның мотивациялық бағыты мен тәсілі туындаған мәселелер мен қоғамдық, діни және саяси қатынастардың ауысуына орай өзгеріп отырғанын байқалды. Екі кезеңдегі аяттардың мотивациялық бағыттарында айырмашылықтардың болуына қарамастан ұқсас тұстары бар.
Мақала авторлары жоғарыда келтірілген сұрақтарды зерттеу қазіргі мұсылман қоғамындағы Құранның орны мен діни құбылыстарды терең түсінуде өте маңызды негіз бола алатындығын алға тартады.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Рашимбетов R., & Кабылова A. . (2024). Меккелік және Мединелік аяттардың мотивациялық ерекшеліктері: салыстырмалы талдау. Адам әлемі, 100(2), 118–127. https://doi.org/10.48010/aa.v100i2.501