ФИЛОСОФИЯ. МӘДЕНИЕТ. ҚОҒАМ

Қоғам мен тұлғаның рухани қайта пішімделуінің әлеуметтік-философиялық негіздері мәселесіне

Том 97 № 3 (2023), ФИЛОСОФИЯ. МӘДЕНИЕТ. ҚОҒАМ
Том 97 № 3 (2023)
2023-09-28 Көрілім саны: 72
Раушан Сартаева
Институт философии, политологии и религиоведения КН МОН РК e-mail: raush_sart@mail.ru
Cерік Нұрмұратов
ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты

Ключові слова

тұлға, руханилық, рухани қайта пішімделу, рухани-денелік біртұтастық, біртұтастық қағидаты, бірегейлік, дүниетанымдық әмбебаптар

Анотація

Бұл зерттеудің өзектілігі бір жағынан, қазіргі кезеңдегі ғылыми таным мен геосаяси кеңістікте болып жатқан кең көлемді өзгерістер уақытымен астасқан әлемнің жаңа картинасының қалыптасуымен, жаңа онтологиямен, екінші жағынан, бірігейленудің барлық типтерінің (ұлттық-мемлекеттіктен жеке адам, тұлға, адам бірегейлігіне дейінгі) мәселелерін өзектендірумен байланысты. Авторлардың пайымдауынша, осы екі үдеріс біртұтастық пен жалпы байланысты жаңаша түсінуге негізделген руханилықтың негіздерін жаңаша айшықтау арқылы бір-бірімен өзара байланысты. Өйткенің, авторлардың және басқа да зерттеушілер-дің пікірі бойынша дағдарыстардың барлық типтерінің негізінде рухани дағдарыс жатыр және сондықтан қоғамның рухани қайта пішімделуі болашақтың перспективалық моделін құрудың басты мақсаты болады.
Авторлардың пікірлері бойынша, қоғамның рухани жаңаруы мен жаңғыруында алдымен «бастапқы нүкте» ретінде өзін паш ететін тұлғаның рухани-денелік біртұтастығы, мәдениет кеңістігінде интерсубъективтілік құбылысы арқылы бекітетін және өзін жүзеге асыратын маңызды қырлары болу керек.
Бұл зерттеудің мақсаты мен жаңалығы - «тұлға» ұғымының осындай философиялық экспликациясы қоғамның рухани өзгерісінің бастапқы нүктесі ретінде постмодерндік дарашыл либертализмнің негізінде жүзеге аспауы керек, ол оған қарама-қайшы келетін біртұтастық пен жалпы байланысты және нысан мен қоршаған ортаның біртұтастанған шығу тегін жаңаша түсінуге негізделген руханилық құбылысының қасиеттерін ашуға арқа сүйеюі қажет.

Як цитувати

Сартаева, Р., & Нұрмұратов C. . (2023). Қоғам мен тұлғаның рухани қайта пішімделуінің әлеуметтік-философиялық негіздері мәселесіне. Адам әлемі, 97(3), 69–78. https://doi.org/10.48010/2023.3/1999-5849.07