DOI:
Ключові слова
әйел, ислам, мешіт, ислам феминизмі, гендерлік теңдік, мешіттің гендерлік кеңістігі
Мақалада қазіргі қоғамның аз зерттелген, сондай-ақ даулы мәселесінің бірі – мешіт кеңістігіндегі әйелдің рөлі мен орны қарастырылады. Діни орындардағы гендерлік сегрегация (бөлу) бүгінде ғалымдар арасында әртүрлі әлеуметтік контекстілерде трендтік тақырыпқа айналуда. Гендерлік мәселелер кеңістіктерде өз көрінісін тапқандықтан кеңістіктің өзі де гендерлік қатынастарды қалыптастырады. Дүние жүзіндегі мұсылман әйелдер ме-шіттерде әртүрлі мәселелерге тап болады және оларға түрлі тұрғыдан жауап береді. Сонымен бірге ислам феминизмінің мұсылман әйелдердің ислами бірегейлігін қалыптастыруға әсер ету үрдісін күшейе түсуде. Зерттеудің мақсаты исламдағы әйелдердің рөлі мен олардың мешіт кеңістігіне қатынасының қалай өзгергенін көрсету болды.