ФИЛОСОФИЯ: ТАРИХ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН

ҚАЗАҚ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯСЫ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТАРИХИ ЖӘНЕ САЯСИ АЛҒЫШАРТТАРЫНА ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

Том 100 № 2 (2024), ФИЛОСОФИЯ: ТАРИХ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН
Том 100 № 2 (2024)
2024-06-27 Көрілім саны: 93
Гүлжихан Нұрышева
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Айгүл Тайженбетова
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті e-mail: aigul.bizhanovna@mail.ru

Ключові слова

қазақ интеллигенциясы, Алаш, қалыптасу және жетілу жолы, тарихи формациялар, Тәуелсіз Қазақстан, жаңа әлеуметтік қабат, қазақ жастары, қазақ оқымыстылары.

Анотація

Мақалада ХІХ ғасырдың ортасы мен ХХ ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясының қалыптасуы мен жетілу жолдары, сол кезеңдегі әлеуметтік-саяси, экономикалық формациялардың қазақ даласына тигізген әсері жаңа әлеуметтік қабат – интеллигенцияның қоғамдық-саяси көзқарастарына, ұстанымдарына тигізген әсері философиялық-тарихи мәнмәтінде баяндалады. Сондай-ақ, қазақ интеллигенциясының біртұтас ұстанымын қалыптастыруға игі ықпал еткен, оның дүниетанымы мен дүниепайымының орталығына айналған Алаш қайраткерлерінің ой-толғамдары, шығармашылық ізденістері зерделеніп, оның бүгінгі ұлттық сана-сезімді қалыптастыруға, Тәуелсіз Қазақстанның мемлекет болып қалыптасуына тигізген әсері сараланды. 

Як цитувати

Нұрышева, Г. ., & Тайженбетова, А. (2024). ҚАЗАҚ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯСЫ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТАРИХИ ЖӘНЕ САЯСИ АЛҒЫШАРТТАРЫНА ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТАЛДАУ. Адам әлемі, 100(2), 13–20. https://doi.org/10.48010/aa.v100i2.532